«Бүгінде балаларымның әкесімен мүлдем араласпаймын»: Динара Қырықбаева бұрыңғы күйеуі туралы айтып берді
Әнші Динара Қырықбаева қазіргі уақытта өмірінің бақытты кезеңдерін өткізіп жатқанын айтты. Өнер иесі тұрмыста болғанда өзін жалғыз сезінгенін жеткізді. Бүгінде ол балаларының әкесімен мүлдем араласпайды екен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Динара Қырықбаева 2020 жылдың желтоқсан айында күйеуімен ажырасқанын жария еткен болатын. Эстрада жұлдызы ажырасып кеткенін бір жылға жуық уақыт бойы айтпай жүрді. Жақында әнші ажырасқанына еш өкінбейтінін айтты. Бірақ некені сақтау мүмкін болған жағдайда, оны бұзбаған дұрыс екенін жеткізді. Сондай-ақ өнер иесі тұрмыста болған кезін есіне алып, жан сырын ақтарды. Ол қазір бақытты екенін айтты.
«Енді мен бақыттымын. Тұрмысқа шыққанымда бәрі жақсы болған жоқ. Тұрмыста да өзімді жалғыз сезіндім. Алла ешкімді жалғыз қалдырмайтынын білемін және сенемін. Жалғыздық туралы ойламаңыз. Қолыңыздағы бар нәрсе үшін Алла Тағалаға сансыз шүкіршілік етіңіз және жеке өзім, саған бақыт тілеймін. Тұрмыста 4,5 жыл болдым. Мен оған балалары үшін алғысымды айтамын. Мен балалар, отбасы үшін өмір сүрдім. Бүгінде балаларымның әкесімен мүлдем араласпаймын» «, – деп жазды әнші Instagram парақшасында.