Алматыда физика-математика мектебінің оқушысы өзіне қол салды

0
265
Алматыда 2006 жылы туған қыз өз-өзіне қол жұмсады. Әлеуметтік желіде пайда болған ақпаратты қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды kznews.kz ақпарат агенттігі. 

«Оқиға 4 мамырға қараған түні Алматының Медеу ауданында болды», — деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлердің мәліметінше, 2006 жылы туған мектеп оқушысы ауласында асылып қалған.

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл фактҚазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 105 бабы бойынша тексерілуде», — деп қосты полицейлер.

Ведомствода оқиғаның себебі мен өзге де мән-жайлар анықталып жатқанын атап өтті.