Желіде мектептің жөндеу жұмысына ақша сұраған мұғалімнің аудиожазбасы тарады (аудио)

0

Әлеуметтік желіде Талғар ауданындағы мектептердің бірінде сынып жетекшісі ата-аналардан жөндеуге ақша беруді сұраған аудиожазба қызу талқыға түсті, — деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Аудиожазбадағы деректерге қарағанда, оқу жылының соңында кабинетке шағын жөндеу жұмыстарын жүргізбекші. Сынып жетекшісі ата-аналардан бір балаға мың теңгеден жинауды сұрайды.

«Мен осы кабинетте оқитын сыныптың сынып жетекшісі Арзиева Н.Н., ата-аналар жиналысын өткізу кезінде ата-аналардан демеушілік көмек көрсетуді өтіндім. Балалар оқу жылы бойы осы кабинетте оқыды. Жыл соңында жөндеу жұмыстарын жасасақ балалардың мүддесі үшін, өйткені келесі оқу жылында біз осы кабинетте оқуды жалғастырамыз. Жөндеуге ақша жинау туралы әңгіме болған жоқ, әсіресе оқушылар арасында», — деді мұғалім.

2018 жылы қазіргі білім министрі Асхат Аймағамбетов вице-министр болып тұрғанда білім саласының басшылары мен мектеп әкімшілігіне білім беру ұйымдарында бопсалауға, ата-аналардан ақша жинауға жол бермеуді  қатаң ескерткен болатын. Осы жылдар ішінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде ондаған мектеп директорлары мен мұғалімдері қызметтерінен шеттетілді.
Талғар ауданының білім басқармасы шулы аудиожазбаға қатысты пікір білдірді.

«Бұл Бесағаш ауылындағы № 29 мектеп. Директордан, сынып жетекшісінен түсіндірме хат алдық. Сынып жетекшісі ешкімнен ақша сұрамағанын тек демеушілік көмек көрсетуді өтінген айтады. Ал мұғалім аудиожазбаны монтаждалған дейді», — дейді Талғар аудандық білім бөлімінің басшысы Ләззат Құрманбаева.

(Фото ашық ақпарат көздерінен)