Солтүстікке көшетін 5 отбасы анықталды

0

«Dauletten» қайырымдылық қоры тарапынан қасиетті Рамазан айында «БАЛА-ШАҒАМЕН СОЛТҮСТІККЕ» жобасы бастау алған болатын. Жоба барысында 5 отбасыны Солтүстік өңірге  көшіру жоспарланған. Жобаға 2022 жылдың 5-15 сәуір аралығында 1311 өтінім келді. Алғашқы кезеңде өтінім берген қатысушылардың арасынан жоғары балл жинаған 20 отбасы таңдалып, психолог маманмен сұхбат жүргізді.

Келесі іріктеу кезеңіне жиыны 10 отбасы өткен болатын. Соңғы кезеңде жоба қатысушыларымен қордың қамқоршылық кеңес мүшелері, сондай-ақ ҚР Парламент Сенат дупаттары, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихат депуттары, қоғам белсенділері, журналистермен сұхбат жүргізді. Оның ішінде Дана Нұржігіт, Ләззат Мұратқызы, Досымжан Таңатаров, Нағашыбек Алдан және т.б. тұлғалар қатысты. Қоныс аударатын жандардың атқаратын жұмыстарына, бизнес идеяларына мән берілді. «Бала-шағамен Солтүстікке» жобасында үздік танылған 5 отбасы:

1. Сұлтамұратов Аманжол — Нұрғалиева Гүлзира

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы

6 балалы отбасы

 

2. Әйтімов Айдос- Сатыбалдиева Әлия

Шымкент қаласы

7 балалы отбасы

 

3. Салқымбай Эльдар — Мұхаметжан Айкүміс

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округі

5 балалы отбасы

 

4. Баймырзаев Абзал — Маханова Перизат

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған бекеті

5 балалы отбасы

 

5. Байғұлов Мұратбай- Ұзақова Гүлнұр

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Бесшоқыауылы

6 балалы отбасы

Еске сала кетейік, қор тарапынан жоба қатысушыларына берілетін көмек:

  • Ауылдан үй алынады;
  • Жарты жыл көлемінде 60 000 теңге төленіп отырады;
  • Кәсіп бастауға қор тарапынан 1 000 000 теңге беріледі;
  • Оқушы балалардың ЖАҢА оқу жылына мектеп құрал-жабдықтары алынады;
  • Үйінің ауласына картоп, сәбіз, орамжапырақ егуге бір реттік дәні (семена) алынады;
  • Қыс басталғанда бірінші жылы 8-10 тонна көмір беріледі;
  • Көшу, жол шығындары толығымен қор тарапынан төленеді;
  • Көшкен ауылда 3 жыл тұратын болса, үй атына аударылады. Оған дейін баспана қордың жеке меншігінде болады.

Жоба барысында таңдалған әр отбасы үшін бұл таңдау – үлкен мүмкіндік. Дәулеттің қайырымды оқырмандарының арқасында олар енді жаңа өмір бастайды. Ауыл өмірінің өркендеуіне атсалысып, бұл жобаға ерекше жауапкершілік танытады деген сенімдеміз.