Максим Галкин қызметінен шеттетілді
Ресейлік Бірінші арна Украинадағы соғысқа қарсы шыққан «Сегодня вечером» бағдарламасының жүргізушісі Максим Галкинді бағдарламадан шеттетті.
Галкиннің орнына биші Николай Цискаридзе жүргізуші болып келеді. Бұ жөнінде «Комсомольская правда» және «СтарХит» сайттары хабарлады.
Жуырда «СтарХит» Галкин соғысқа байланысты айтқан сөздері үшін бағдарламадан шеттетілетінін жазған. Тележурналист Мария Борзунова құпия дереккөзге сүйене отырып, комикпен келісім-шарттың үзілуі оның соғысқа қарсы мәлімдемесімен тікелей байланысты екенін айтқан. Арна ресми түрде түсініктеме бермеді.
Украинада соғыс басталғалы бері Максим Галкин Ресей билігінің әрекетін сынап, қантөгісті тоқтатуға шақырып келеді. Қақтығыс тұсында Максим Галкин мен әйелі, әнші Алла Пугачева Ресейден кеткен.