Ақтау әкімі жарты жалақысын беруге дайын
Әкімнің есептік кездесуінде қызық оқиға орын алды. Тұрғындардың бірі жұмыссыздық мәселесіне шағымданды. Ал Нұрдәулет Қилыбай болса оған ерекше ұсыныс жасапты.
«753 мың теңге аламын, 380-390 мың теңгеңізді қолыңызға бөліп беремін. Облыста 15 мың жұмыссыз болса, қалада 4 250 адам жұмыссыз жүр. Сізге қасымнан кабинет берейін, компьютеріңізді, креслоңызды беремін, айлығымды ортасынан қақ бөлемін. Оңай болса, бәрін жұмысқа орналастырып беріңізші. Бес айдан кейін қолыңызға 2 миллион теңгені санап беремін», — деді Қилыбай.
Әкім мен тұрғынның әңгімесін видеодан көре аласыздар.
(Ақпарат, видео, фото @sputnik_aitady телеграм- каналынан алынды)