Домой Жаңалықтар Қанат Бозымбаевтың қайын атасы — Сатыбалды

Қанат Бозымбаевтың қайын атасы — Сатыбалды

0
261

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев белгілі журналист Арманжан Байтасовтың YouTube бағдарламасына сұхбатында бірқатар сауалдарға жауап берді.

Журналист әкімнің Қайрат Сатыбалдымен қарым-қатынасы туралы сұрақ қойды.

«Бұл – таза фейк (күліп). Мен ешқашан Қайрат Сатыбалдымен қарым-қатынаста болған емеспін. Бірақ менің қайын атамның есімі – Сатыбалды. Ел үшін еңбек сіңірген азамат. Биыл 75 жасқа толады. Еліміздің еңбек сіңірген құрылысшысы. Сонымен қатар, осы жағдайды пайдалана отырып бұрынғы отбасыға да ешқандай туыстық қатынасым жоқ екенін айтқым келеді. Ал бүгінгі күні мені мемлекет басшысының немере інісі деп жүргендердің де сөзі негізсіз, жалған, фейк екенін мәлімдеймін», – деді өңір басшысы.
(фото ашық ақпарат көзінен)