Рудныйда көршісі өртеп жіберіп, жансақтау бөлімінде жатқан баланың жағдайы белгілі болды
«Дәрігерлер науқастың жағдайын ауыр деп бағалап отыр, бірақ өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Дүйсенбіде Степанның қолына, кеуде және арқа бөлігіне пластикалық ота жасалды», — дейді Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.
Осы оқиғадан кейін бұл іске Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің Қостанай облысы бойынша ресми өкілі Арайлым Аманқұлова да қосылған. Ол зардап шеккен балаға көмек көрсету жұмысын үйлестіретінін айтты.
(фото: rus.azattyq-ruhy.kz)