Афаризмдер мен фразеологзмді аудару | Скачать Дипломдық жұмыс
Дипломдық жұмыс
Тақрыбы:Афаризмдер мен фразеологзмді аудару
Мамандығы: аударма ісі
Мазмұны
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 3
1 Афоризмдер мен фразеологизмдердің лингвистикадағы орны … … … … … 6
1.1 Қазақ және ағылшын елінің афоризмдері мен фразеологизмдерінің классификациясы … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …6
1.2 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі тұрақты тіркестің конотативті мағыналары … … … … … … . … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .14
1.3 Қазақ және ағылшын тіліндегі афоризмдер мен фразеологимздердің ұқсастығы … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …22
2 Афоризмдер мен фразеологизмдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселелері … … … … … … . … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …27
2.1 Ағылшын тіліндегі афоризмдерді қазақ тіліне аудару мәселесі … … … … … .27
2.2 Фразеологизмдердің көркем шығармалардағы қызметі және оларды аударудың жолдары … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 32
2.3 Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің қазақ тіліне аудару ерекшелігі … … … … … … . … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 36
2.4 Ағылшын тіліндегі афоризмдер мен фразеологизмдердің семантикалық құрылымдарының ерекшеліктері … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … 41
3 Ағылшын көркем әдебиетіндегі тұрақты тіркестер мен нақыл сөздердің қолданылуы … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 45
3.1 Ағылшын жазушысы Даниэль Дефоның Робинзон Крузо романындағы афоризмдер … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 45
3.2 Робинзон Крузо романындағы фразеологизмдер … … … … … … … … … … .50
Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..57
Пайдаланылған әдебиеттер … … … … … … . … … … … … … … … … … … … … … …61
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Жалпы, тіл білімінде афоризмдер мен фразеология мәселесі көп зерттеліп келеді десек те, әрбір әдеби тіл кезең ерекшелігін ашатын оның бай фразеологиялық қоры мен афориздердің құрамы туралы арнайы зерттеулер жүргізілген емес. Яғни біздің бұл тақырыпқа арнайы баруымыздың себебі, әдеби тіл дамуының ұлттық кезең сипатын танытатын алғашқы көркем шығармалардағы фразеологимдер мен афоризмдер ғылыми тұрғыдан зерттеу нысаны болған емес. Бұл — бір. Екіншіден, шындығында, әдеби тілдің ілгері дамуына азды-көпті үлес қосқан іріл-ұсақты кез келген қаламгердің аты аталып, шығармалары тілі жағынан да ғылыми айналымға енуі тиіс деген филологиядағы пікірлерді (профессор Б.Кенжебаев) ескеріп, алға тартар болсақ, зерттеу нысанының өзектлігі де осыдан анық көрінетіні сөзсіз.
Фразеологизмдер мен афоризмдерді бір тілден екінші тілге аудару мәселесі аса қажет, әрі барынша қиын проблема екенін сол еңбектерден және көркем әдебиетте қолданылып жүрген фразалық тіркестер табиғатынанақ тануға болады. Ғылымда фразеология мен афоризм мәселесі сөз бола бастаған уақыттан-ақ оны екінші тілге аудару жайы қарастырылып келеді. Аударма ел мен елдің арасына дәнекер болатын аса зор мағыналы құрал. Аудармамен шұғылданған бірде-бір зерттеуші фразеология мен афоризм мәселесін аттап өте алған емес. Тіркестердің аудармасын тікелей тексермегенмен, аудармашы-зерттеуші өзінің саласына қатысты тұстарда афоризм мен фразеология аудармасына байланысты пікірінайтып отырған. Бұл тұста ескеретін бір жайт, сол айтылған пікірлердің бәрі біркелкі емес екенін және ондай пікір қозғаушылар әрқилы ғылым өкілдері екенін есепке алған жөн. Жалпы аударма проблемасы жөнінде айтылып жүрген тұжырымдарды екі топқа бөлуге болар еді. Бірі әдебиетшілер тарапынан айтылған, екіншісі тілші ғалымдар ұстанған пайымдаулар. Бұл екі ағым өкілдері қызу қарқында қарсы дау айтысқанмен, кейін аударма теориясының өзіне ғана тән, өзіндік сырларына тереңірек үңіліп, көп жағдайда келісімге келген. Мұның өзі белгілі дәрежеде аударманың ғылым ретінде қалыптасып, әрқилы проблемаларын алға тартқанын танытады. Сонда да болса, біз аударма мәселелерін әдебиетшілер мен тілшілер қауымдаса тексеріп жатыр деп айта алмаймыз. Ғылым болған соң оның даулы, даусыз мәселелері толып жатады.
Көркем шығармада тілдің сөз байлығы мейлінше мол жұмсалып, әр алуан ой мен сезімді білдіретін тілдік мүмкіндіктерді кеңінен пайдалану орын алады. Яғни мұнда көркем тіл үшін икемділігі мол фразеологизмдер мен афоризмдер жинақталады. Осы арқылы өз кезегіңде әдеби тілдің дамуын жетілдіре, толықтыра түседі.
Шешендік нақылдар мен толғаулар — тіл маржаны, ақыл ойдың дариясы, кір шалмас ғұмырлы өсиеті.
Афоризм дегеніміз — белгілі бір оқиғаға байланысты тапқырлықпен, көркем тілмен айтылған және жұртшылық қабылдап елге тараған белгілі, үлгілі ойлар, тұжырымдар. Белгілі шешендер мен шешен билердің сөздері жазылып сақталмаған. Бізге тек ұзын ырғасы, желісі жеткен[1,24б].
Фразеологизмдер мен афоризм сөздер тыңдаушының эстетикалық сезімін оятып қана қоймайды, сөздің мағынасын күшейтіп нәр беріп, тәлімдік және білімдік қызмет те атқарады. Онда айтылмақ ой ұйқасымды афоризм сөздерге, терме тақпаққа, мақал — мәтелге құрылып, аз сөзге көп мағына сыйғызу көзделеді. айтылатын ойлар тыңдаушының санасын өсіріп, ақыл — ойын жетілдіруді, елін — жерін сүюді, ел қорғаған ерлерін қадірлеуді, батырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуді мақсат етеді.
Қазіргі таңда, әсіресе жаһантану заманында ізгілік, әдептілік сияқты ұлттық тағылымдар аяқасты болып, өктемдік, дөрекілік етек алып отырған кезде өткен ғасырлардағы ой толғамдардың бала тәрбиесіне берер білімдік те, тәлімдік те тағылымдарының мол екені даусыз.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Талай ғасырдан өтіп, ұрпақтан — ұрпаққа жетіп, халықтың рухани байлығына айналып отырған фразеологизмдер мен афоризмдер бүгінгі күннің де маңызды тәрбие құралы екенін атап, ағылшын елінің фразеологизмдер мен афоризмдерді қолдануын корсету.
Осы мақсатты ескере отырып мынадай міндеттер туындайды:
— Қазақ және ағылшын тіліндегі афоризмдер мен фразеологимздердің ұқсастығын қарастыру жəне олардың конотативті мағыналарын зерттеу;
— Афоризмдер мен фразеолоизмдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселесін жəне аудару жолдарын қарастыру;
— Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің қазақ тіліне аудару ерекшеліктерін, семантикалық құрылымдарының ерекшеліктерін белгілеу;
— Даниэль Дефоның Робинзон Крузо романының негізінде афоризмдер мен фразеологизмдерді мысал ретінде алып талдау.
Жұмыстың теориялық және практикалық мәні. Жалпыхалықтық тілдегі фразеологизмдер мен афоризмдерді зерттеу олардың тілдік табиғатын теориялық тұрғыда тереңірек түсініп, теориялық зерттеудің, пайымдаулардың шеңберін кеңейте түседі. Әр типтегі фразеологиялық бірліктерді қарастырудың тәсілі мен әдісін нақтылай түсуде шамалы болса да әсерін тигізеді.
Іздену барысындағы байқаулар, қорытындылар мен тұжырымдар әдеби тіл үлгілеріндегі тұрақты сөз орамдарын қарастырудың теориялық мәселелерін айқындай түсуге септігін тигізеді.
Жұмыста пайдаланылған әдістер. Диплом жұмысын жазуда осы тектес зерттеулерде қолданылған сипаттама, аналитикалық талдау әдісі, тілдік фактілерді сипаттау әдісі, калька тәсілімен аудару қолданылады.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, 9 тармақшадан, қорытынды мен пайданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Афоризмдар мен фразеологимздердің лингвистикадағы орны
1.1 Қазақ және ағылшын елінің афоризмдері мен фразеологизмдерінің классификациясы
Қазақ әдеби тіліндегі көркемдеу, әсірелеу тәсілінің ішінде фразеологизмдер мен афоризмдердің алатын орны ерекше. Афоризмдер мен фразеологизмдер — қандай да болмасын жанрдағы шығарма тілін жандандыратын, астарлап, бейнелей суреттеудің тұрақты орны бар құралы.
Афориздердің жіктелуіне келетін болсақ, олар махаббатқа байланысты, достыққа байланысты, ізгілікке, адамгершілікке, табиғатқа, басшылыққа тағы да басқа адам баласына ой салатын, тәрбие беретін бағыт-бағдар сілтейтін түрлері көп екендігін атап өткіміз келеді.
Ал, осы тұста, фразеологизмдерге келетін болсақ, оларды танып, білуде мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, қолдану тиянақтылығы сияқты белгілерге сүйене отырып, академик І.Кеңесбаев қазақ тілі құрамындағы фразеология құбылыстарын ең негізгі үлкен екі арнаға бөліп қарастырады:
1. Фразеологиялық тіркестер
2. Фразеологиялық түйдектер[2,36б].
К.Аханов жоғарғы оқу орындарына арналған оқу құралдарында В.Виноградовтың классификациясын негізге ала отырып, қазақ фразеологизмдерінің түрлерін былай жіктейді:
1. Фразеологиялық тізбек
2. Фразеологиялық тұтастық
3. Фразеологиялық сөйлемшелер
4. Фразеологиялық бірлік [3,57б].
М. Балақаев., Т.Қордабаев тіліміздегі тұрақты тіркестерді төмендегідей классификациялады:
1. Фразалық тіркестер
2. Идиомалық тіркестер [4,28б].
Зерттеуші Г.Смағұлова қазақ фразеологиясындағы мағыналас қатарлардың топтарын былай анықтайды:
1. Сезім жағдайы немесе жоғары эмоциялы фразеологизмдердің мағыналас, тақырыптық түрлері;
2. Адамның жеке басына тән қасиеттері туралы жасалған мағыналас фразеологизмдер;
3. Сезім әрекеттеріне қатысты жасалған фразеологизмдердің тақырыптық, мағыналас топтары;
4. Адамның жағымды, жағымсыз қимыл, әрекеттеріне негізделген мағыналас фразеологизмдер қатары;
5. Адамның сөйлеу дағдысы түрлерін сипаттайтын мағыналас тіркестер тобы.
6. Адамның сыртқы түр-әлпеті, жас мөлшері жөнінде қалыптасқан мағыналас тіркестер;
7. Адамның қоғамдағы әлеуметтік жағдайы, орны, тұрмысы туралы айтылатын тіркестер;
8. Табиғат құбылыстары, ауа-райына қатысты жасалған мағыналас топтар;
9. Киім, тамақ, денсаулыққа байланысты туған мағыналас фразеологизмдер;
10. Уақыт, кеңістік, өлшемге негізделген мағыналас фразеологизмдер қатары;
11. Адамның физикалық қалпын бейнелейтін фразеологизмдердің мағыналас ұялары;
12. Тілек, бата, ырым, садақаға байланысты айтылатын мағыналас фразеологизмдер;
13. Еңбек, өмір, тағдыр, дүние туралы айтылатын мағыналас тіркестер[5,19б].
Осы ғалымдардың жіктеулерін негізге ала отырып, қазақ және ағылшын тілдеріндегі уақыт, кеңістік өлшемге байланысты фразеологиялық бірліктердің іштей топталуына назар аударайық. Мұндай фразеологиялық бірліктер қазақ әдебиетінде көптеген авторлардың қолданыстарында көрініс табады. Мысалы: М.Әуезовтың Абай жолы романынан: Сол бір ықылымнан бергі көп буындар тіршілігінің үнсіз куәсі осы мола Сол күндегі елдің анандай иен көшін бастаған әруағымыз — Кеңгірбай! , Бүгін мынау Абай тап бір ет асым жапа-жалғыз өзі сөйледі[6,47б]. Тағы да басқа Ә.Нұрпейісовтің Сең шығармасынан: Соңыра жазатайым мұз жарылса да, машина тұрқынан екі жағына құлаштан астам озып шыққан бөренелер қармалап ұстай қалатын амал-тұғын[7,23б].
Қазақ тілі фразеологизмдерінің жіктелуі туралы мәселемен айналысқан ғалымдардың ішіндегі бірден бірегейі — Ә.Қайдар. Ә.Қайдар қазақ тіліндегі фразеологизмдерді төмендегідей үлкен алты топқа жіктейді:
І. Атаулы фразеологиялық бірліктер: құрамында екі, үш немесе одан да көп атаулы компоненттер бар (зат есім+зат есім, сын есім+зат есім, сан есім+зат есім). Мысалы, қоян жүрек, қара шаңырақ, жеті түн.
1. Лексико-морфологиялық классификация. Мұнда фразеологиялық бірліктер құрамындағы сөздердің қандай сөз табына жататындығын қарастырады.
2. Етістікті фразеологиялық бірліктер — зат есім мен етістіктің тіркесуі нәтижесінде пайда болған. Мысалы, малтасын езу, құлақ миын жеу.
3. Әр түрлі сөз таптарынан құралған фразеологиялық бірліктер. Мысалы, шыбын шаққандай көрмеу, мойны жар бермеу, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс.
ІІ. Синтаксистік классификация
ІІІ. Құрылымдық-типологиялық классификация
ІҮ. Тақырыптық классификация
Ү. Семантикалық классификация
ҮІ. Стилистикалық классификация Уақыт, кеңістік, өлшемге негізделген фразеологизмдердің анық мысалдарын Ә.Қайдардың классификациясындағы пәндік-тақырыптық топтамасынан көруге болады. Ол тақырыптық классификациясын келесі топтармен анықтайды:
1. Зоонимикалық фразеологиялық бірліктер көшпелі қазақ халқының жануарлар әлемімен тығыз байланысты болғанымен түсіндіріледі. Кеңістікке, уақытқа, өлшемге негізделген сөздер зоонимикалық фразеологиялық бірліктер арқылы беріледі.Мысалы, қозы-көш жер, ат шаптырым жер, ит қайтқанда келді.
2. Соматикалық фразеологиялық бірліктер адамның дене мүшелері атауларын қолдану — бас қатыру, бастан құлақ садақа, бетіне салық қылу.
3. Өсімдіктер әлемі ұғымымен байланысты фразеологиялық бірліктер Мысалы: бетегеден биік, жусаннан алас; аузын қу шөппен сүрту.
4. Сандық фразеологиялық бірліктер. Мысалы, алты аласы, бес бересі жоқ[8,56б].
Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің шығу тегін, классификациясын зерттеуші ғалымдар өте көп. Олардың қатарында: Шадрин Н.Л., Смирницкий А.И., Руденко С.А., Смит Л.П., Кунин А.В., Алехина А.И., т.б.. А.В. Куниннің пайымдауынша, ағылшын тіліндегі фразеологизмдерді төмендегідей топтауға болады:
1. Искондық ағылшын фразеологизмдері; мысалы: bite off more than one can chew — көрпеңе қарай көсіл.
2. Тіл ішіндегі байланыс нәтижесінде пайда болған фразеологиялық бірліктер (американдық варианттар ағылшын вариантына ауысу); мысалы: sit on the fence — байқаусыз, елеусіз болу
3. Тіларалық байланыс нәтижесінде пайда болған фразеологиялық бірліктер (яғни, басқа тілден енген фБ); мысалы: Homeric laughter — Гомер күлкісіндей.
4. Шетелдік формаға негізделген фразеологиялық бірліктер — басқа тілде де дәл сол қалпында қолданыла беретін халықаралық сөздер болуы мүмкін. мысалы: corpus delicti — қылмыс құрамы.
Искондық ағылшын фразеологизмдері келесі топтарға бөлінеді:
1. Ағылшын халқының салт-дәстүріне байланысты фразеологиялық бірліктер: baker’s dozen — саудагердің айлығы (ағылшынның ежелгі салты бойынша саудагерлер айлық ақшаның орнына 12 нан алып отырған. Ал он үшінші нанды саудагердің пайдасына берген);
2. Ағылшын халқының тұрмыс-тіршілігіне байланысты фразеологиялық бірліктер: play fast and loose — отпен ойнау (ағылшын жәрмеңкесінде сиқыр ойын ойналған);
3. Ағылшын жазушыларының, оқымыстыларының атымен байланысты фразеологиялық бірліктер: The admirable Crichton — оқымысты, үлгілі адам, оқымысты күйеу (атақты шотланд ғалымы Джеймс Крайтонның есіміне байланысты);
4. Ертегі, мысалдардан алынған фразеологиялық бірліктер: the whole bag of tricks — сумка толған қулық, яғни, шексіз қу;
5. Әзіл-қалжыңға байланысты фразеологиялық бірліктер: drop the pilot — ақылды кеңесшіден бас тарту;
6. Ағылшын халқының наным-сеніміне байланысты айтылған фразеологиялық бірліктер: a black sheep — отбасын масқаралаған опасыз адам;
7. Астрологияға байланысты фразеологиялық бірліктер : be born under a lucky star — бақытты болып туылу;
8. Болжамдарға байланысты фразеологиялық бірліктер: halcyon days — қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған тыныш заман;
9. Тарихи жағдайларға байланысты фразеологиялық бірліктер: the curse of Scotland — картадағы тоғыздық қызылайыр — Шотландия қырсығы. Жоғарыда келтірілген фразеологизмдердің ішінде уақыт, өлшемге негізделген түрлерінен мысалдар келтірілген: baker’s dozen, the whole bag of tricks.
3. Тіларалық байланыс нәтижесінде пайда болған фразеологиялық бірліктер көбінесе мифтер мен аңыздар арқылы басқа тілден енген фразеологиялық бірліктер: The sinews of war — соғысқа арналған ақша, қажетті қаржы Gilded youth — алтындай жастар Американдық варианттардан ағылшын тіліне енген тұрақты тіркестер, біздің байқауымызша, уақыт және өлшемге негізделген: Time is money — Уақыт — ақша. (Advice to a young Tradesman) Ships that pass in the night — Қас-қағым сәтте өтіп кетті. (Genry Longfello) The almighty dollar — ұлы, құдіретті доллар. (Washington Irving)
4. Басқа тілден енген фразеолозизмдер ағылшын тілінде көптеп кездесе бермейді. Көбінесе француз және латын тілдерінен енген сөздер қолданылады: Bon ton — тәрбиелі, инабатты. Persona grata — маңызды адам.
Мұндай фразеологизмдердің ішінде уақыт, өлшем, кеңістікке негізделген қолданыстар ездеспейді. Кунин А.В. фразеологизмдердің қатарына Шекспиризмді де қосып қарастырды. Яғни, Шекспирдің қолданысындағы тұрақты тіркестер. The be-all and end — all («Macbeth») — өмірдің мәні, өмірдің бүкіл мағынасы. Шекспиризмдердің ішінен біз уақыт,кеңістік, өлшемге негізделгенін бөлек алып қарастырамыз: By way of …humoring him to the top of his bent. (Ch. Dickens) Бұл мысалдағы to the top of his bent тіркесі қалағанынша, толығымен ұғымына сәйкес келеді
Colia: Well said: that was laid on with a trowel. («As you like it») Бұл мысалдағы was laid on with a trowel тіркесі түймедейден түйедей ету ұғымына сәйкес келеді. Шекспирден басқа да авторлардың осындай фразеологиялық бірліктерді орынды қолданғанын көреміз. Ол тұрақты тіркестердің қазақ тіліндегі баламасын дәл таба алмасақ та, уақытқа, кеңістік пен өлшемге негізделгенін мағынасынан аңғару қиын емес: How goes the enemy? (Nicholas Nickleby) — біздің жауымыз — уақыт қалай жүреді?- Сағат қанша болды?- деген мағынада. Мұнда автор уақытты жауға теңеп тұр[9,73б].
Қазақ тілінда мұндай қолданыс жоқ. Қазақтың нақтылы уақыт пен кеңістік туралы түсінігі көптеген фразеологизмдерге арқау болды. Уақытқа негізделген фразеологизмдер таң қылаң бергенде, таң құлан иектенгенде,т.б. тіркестер арқылы беріледі:
О.Бөкейханов Ұйқым келмейді шығармасында Екінді өтіп, қас қарая, омартадағы бар жұмысты ыңғайлап тастаған қожайындар кешкі асқа жиналды.
Екі елдің афоризмдері мен фразеологимдерін салыстыра келе, үш түрлі сипатқа тоқталып өткенді жөн көріп отырмыз. Қазақ тіліндегі уақыт, кеңістік, өлшемге негізделген фразеологизмдердің жеке өзін жоғарыда келтірілген ғалымдардың жіктеулерін басшылыққа ала отырып, қарастыратын болсақ, төмендегідей классификация жасауға болады:
1.Уақытқа негізделген :
А) Күн, түн, тәуліктік нақты уақытты сипаттауға негізделген; Екінді өтіп, қас қарая, омартадағы бар жұмысты ыңғайлап тастаған қожайындар кешкі асқа жиналды. О. Бөкеев Ұйқым келмейді [10,38б].
Ә) Адамның дене мүшелері арқылы сипатталатын
2.Кеңістікке негізделген:
А) Ұзындық, қашықтыққа негізделген деректі; Атаған кісілерімен оқшауланып бөлініп алып, бір топ салт атты ымырт жабыла бергенде Оспан қорасынан тай шаптырым жердегі кәрі аруақ — Кеңгірбайдың биік, шошақ моласына келіп, ат тұмсықтарын тіресті. М. Әуезов Абай жолы
Ә) Ұзындық, қашықтыққа негізделген дерексіз . Сол үшін де Абай тым құрыса қиялымен басқа өмірге, өзі сүйген басқаша көңіл мекеніне кетуге тырысады. М. Әуезов Абай жолы
2.Өлшемге негізделген:
А) Шапшаңдық, жылдамдыққа негізделген тұрмыстық (мал атауларымен байланысты) ұғымдағы; Сонда мына пәни жалған шыбыш ешкінің құйрығындай бір сермеуге де жарамай шолтаң етіп өте шықпай қайтер дейсің. Ә. Нұрпейісов Сең
Ә) Адамның, малдың дене мүшелері арқылы сипатталатын. Сәменнің қолындағы жіңішке қамшыны алды да, өзінің сегіз өрме, бұзау тіс дырау қамшысын ұстатты.
Ағылшын тіліндегі уақыт, кеңістік, өлшемге негізделген фразеологизмдерді А.В. Куниннің классификациясына сүйене отырып, төмендегідей топтастырамыз:
1. Уақытқа және өлшемге негізделген шекспиризмдер: The be-all and end — all («Macbeth») -өмірдің мәні, өмірдің бүкіл мағынасы.
2. Өлшемге негізделген американдық: Time is money — уақытты ақшамен өлшеу;
3. Кеңістікке негізделген өзге тілден енген дерексіз тіркестер: The golden mean — алдында емес, соңында емес, ортасында болу, бақытты, алтын орта. Қорыта келгенде, қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдердің қолданысында айтарлықтай ұқсастық бар десек те, олардың жіктелуін ғылыми тұрғыдан алып қарастырсақ, мүлде ұқсамайтынын байқаймыз.
Ағылшын тіліндегі фразеологизмдерді А.В. Кунин 4 топқа бөліп қарастырса, Ә.Қайдар қазақ тіліндегі фразеологизмдерді 6 топқа бөліп топтастырады. Куниннің классификациясында өзге тілден енген сөздерге баса назар аударылады, ал Ә.Қайдар өз классификациясында ұлттық наным-сенімдерді, халықтың әлеуметтік-экономикалық, тарихи өмір бейнесін назарға ала отырып топтастыруға тырысқан.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі уақыт, кеңістік, өлшемге негізделген фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылу мүмкіндігіне және ерекшелігіне қарай топтастыруға тырыстық. Жүйелеу кезінде екі халықтың тарихи, әлеуметтік, ұлттық ерекшеліктері, наным-сенімдері, тілдік ерекшеліктері назарға алынды. Афоризмдер мен фразеологизмдердің екі тілдегі классификациясын қарастыру, толығымен зерттеу — болашақта үлкен ізденісті талап етеді.
1.2 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі тұрақты тіркестің коннотативті мағыналары
Қазіргі тіл білімінде ерекше дамып келе жатқан когнитивті лингвистиканың негізінде тілді — адам дүниетанымының кілті, адам санасында ғалам туралы түсінікті құраушы, таным модельдері арқылы ашылатын білімнің коды, шындық пен шындықты игеруші сана арасындағы дәнекер, сондай-ақ сана қызметінің нәтижесі деп қарайтын когнитивтік көзқарас жатыр.
Тіл білімінің қазіргі даму кезеңі құрылымы әртүрлі тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеуге деген қызығушылықтың артуымен сипатталады және функционалды, прагматикалық, когнитивтік, антропоцентристік, лингвомәдениеттану және басқа да парадигмалардың қатар өмір сүруімен ерекшеленеді. Осы парадигмалардың ортасында жеке тұлға мен адам қызметінің әлеуметтік жағына деген қызығушылықты арттыратын антропоцентрлік әдістеме тұр. Аталған бағыттардың зерттеу нысаны — тіл мен мәдениет.
Коннотативтік лингвистика тіл мен сол тілдің иесі адам санасын тұтастықта қарастырып, тілдік білімді адам миының жемісі, күрделі ассоциативті-вербальды құрылым, болмысты рух пен ой бірлестігінде танытушы жүйе ретінде кешенді сипаттауға негізделеді. Конннтативтік үрдістің негізгі айырым белгісі тілді жаңаша зерттеуде жаңа тәсілдер еңгізуде ғана емес, таза танымдық бағдарының жаңалығында, тілді танымдық тұрғыдан қарауында[11,49б].
Бұл бөлім теңеуге логика-философиялық және лингвистикалық тұрғыдан мағлұмат беріліп, ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің мағына қалыптасу негіздері және мағыналық-тақырыптық топтары анықталып, екі тілдегі фразеологиялық теңеулердің концептілік құрылымы мен коннотативтік мағынасы топталып қарастырылып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары, әр тілге тән ерекшеліктері айқындалды.
Фразеологиялық теңеулер кез келген тілдің фразеологиялық қорының елеулі бөлігін құрайды. Теңеу — көркем ойлаудың ұлттық ерекшеліктері жинақталған, дүниетанымның ұлттық өзгешеліктері бас қосқан логика-философиялық және лингвистикалық категориялардың санатына жатады.
Фразеологиялық теңеулер екі затты салыстырудың нәтижесі болса, метафоралар — олардың ұқсастығының нәтижесі She is a fox — ол түлкі; She is as sly as a fox — ол түлкідей қу, айлакер.
Теңеу — танымдық қызметі зор, ең көне, әрі қарапайым, тілде жиі қолданылатын логикалық теңестіру тәсілі. Шындық әлемді танудың қисынды құралы бола отырып, теңеу мейлінше көп қырлы, мазмұнды тілдік құбылысты білдіреді. Ойлау өрісі ретінде теңеудің дүниені эмоционалды түрде қабылдауы және ондағы қайсы бір құбылысты салыстыра бағалау тұрғысынан қандай да бір нысанға мән берудегі салмағы ерекше. Философиялық жақтан қарастырғанда, теңеу адамның абстрактілі ойлауын дамытудың көрінісі болса, лингвистикалық тұрғыдан осы ойдың тілдік қолданыста бейнеленуі. Сонымен бірге теңеу — сипатталушы нысанның бейнелілік, көркемдік, эмоционалды-экспрессивтік сапасын күшейтетін көркемдік әдіс. Теңеу лингвистикалық категория ретінде қазіргі тіл білімінің жаңа бағыттарының бәрінің де зерттеу нысаны бола алады. Бұл бағыттардың ішінде құрылымы әр түрлі тілдердегі фразеологиялық теңеулерді лингвомәдениеттану және когнитивтік лингвистиканың негізгі ұстанымдарына сүйене отырып салыстырмалы-салғастырмалы зерттеу жүргізудің мәні ерекше. Себебі халықтың дүниетанымы, өмірге және қоршаған ортаға деген көзқарасы, салт-дәстүрі, көңіл-күйі әр халықтың жалпы фразеологиясынан, оның ішінде әсіресе, фразеологиялық теңеулерден көрініс табады. Фразеологиялық теңеулер жекелеген өмір құбылысына нақты баға беретін, ғасырлар бойы атадан балаға мұра ретінде беріліп отыратын, әр халықтың өмірінен қызықты деректерді өз бойына жинақтаған халық мұрасы. Сондықтан, туыстас, не туыстығы жоқ тілдердегі фразеологиялық теңеулерді лингвомәдени және лингвокогнитивтік тұрғыдан зерттеу әр тілдің өрнек бояуын, ұлттық ерекшелігін, менталитетін, қайталанбас қасиетін танып білуге, олардың мағына қалыптасуындағы және тілдік қолданыстағы қасиеттерін ашуға мүмкіндік береді. Осы тұрғыда туыстығы жоқ қазақ және ағылшын тілдерінің фразеологиялық теңеулерінің мағына қалыптасуының негізін ашу ерекше мәнге ие. Теңеулердің ішкі мазмұнын анықтауда уәжтану теориясына жүгінген жөн. Уәждеме теориясына сүйене отырып, бастапқы еркін тіркестер негізінде жасалған фразеологизмдердің түп төркініне зер салып, уәжін айқындау, сол арқылы тіркестің қалыптасу түп көзін тауып, өзіндік ерекшеліктерін ажырату арқылы олардың мәні мен мазмұнын ашуға болады. Фразеологизмдердің фразеологиялық мағынасы олардың ішкі мағыналық құрылымында жатқан бейне арқылы уәжделеді. Мысалы, қазақ тіліндегі құмырсқадай құжынаған, құмға сіңген судай, сүліктей жабысты, ағылшын тіліндегі dumb as a fish (балықтай тілсіз), as brave as a lion (арыстандай айбатты), dance like an elephant (пілше билеу) сияқты тіркестердің фразеологиялық мағыналарының ішкі формасы айқын, яғни олардың мағыналары ішкі формалары арқылы уәжделіп қалыптасқан.
Теңеу — ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші затпен салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелілік, көркемдік, эмоционалды-экспрессивтік сапасын күшейтетін, сол нәрсені жаңа қырынан, поэтикалық қырынан таныстыратын әрі стильдік тәсіл, әрі таным құралы. Басқа тілдік бірліктер секілді тұрақты теңеулер де адамның танымдық мүмкіндігін тілдік қабілетімен сабақтастырудан бастау алатындықтан, басты назар олардың коннотативтік негіздеріне аударылады.
Фразеологизмдердің ішкі формаларының тасалануынан олардың мағыналарының күңгірттенуі шығады. Ондай фразеологизмдердің сырын, жасалу төркінін тілдің ішкі заңдылықтарынан гөрі экстралингвистикалық факторлар мен этимологиядан іздеу қажет..
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің басым көпшілігі Адам атты мағыналық макротопқа жатады, олардың мағынасы адам мен оны қоршаған әлемнің өзара әрекетін бейнелейді. Мысалы, кәрі қойдың жасындай жасы қалды фразеологизмі қой түлігінің тіршілік ету мерзімін (10 шақты жылдай) бақылаудан туған. Осы жайт ауыс мәнде жасы ұлғайған адамға қатысты айтылатын бейнелі тіркестің тууына негіз болған. Ағылшын тіліндегі to fight like Kilkenny cats (Килкени мысықтарындай айқасу) — өлімге бас тігіп қырқысу деген мағынада қолданылатын фразеологизмнің қалыптасуына ХVII ғ. Kilkenny мен Irishtawn қалалары арасындағы қантөгістің аяғы екі қаланың да қирап бітуіне әкелген тарихи уақиға негіз болды Фразеологиялық теңеулердің негізінде адам өмірі мен қызметінің тұстарын бейнелейтініне байланысты екі тілде олардың төмендегідей мағыналық-тақырыптық топтары анықталды:
1. Адамның өмірі мен қызметін сипаттаушы фразеологиялық тіркестер: Қаз.: түлкі қуған тазыдай соңына түсу, ит пен мысықтай өмір сүру;Ағыл.: as thick as thieves (бір-біріне ұрылардай жақын болу) — жан дос, айырылмас дос, to live like cat and dog — мысық пен иттей өмір сүру.
2. Адамның сыртқы келбетін сипаттаушы фразеологиялық тіркестер: Қаз.: қырмызыдай ажарлы, ақ маралдай әдемі; Ағыл.: as fair as a lily — лилия гүліндей сұлу, pale as death — өліктей бозарған т.б.
3. Адамның жағдай-күйіне байланысты фразеологиялық тіркестер: Қаз.: сең соққан балықтай, жарасын жалаған иттей, жаралы арыстандай аласұрды; Ағыл.: as miserable as a bandicoot — (қалталы қөртышқандай) — бақытсыз, аянышты, as still as a mouse — тышқандай жасырынып тұру т.б.
4. Адам мінезі мен ақыл-ой қабілетін сипаттаушы фразеологиялық тіркестер: Қаз.: Қарабайдай қатыгез, дала бүркітіндей қырағы;Ағыл.: a memory like an elephant (сөзбе-сөз: есі пілдей), яғни еске сақтау қабілеті жоғары, тамаша, as blunt as a hammer (сөзбе-сөз: балғадай ақымақ) яғни топас, т.б.
5. Адамның эмоциялық жағдайын сипаттаушы фразеологиялық тіркестер: Қаз.: найза үстінде отырғандай, тышқан алған мысықтай; Ағыл.: to shake quake tremble like an aspen leaf — көк теректің жапырағындай қалтырау, to sit on a powder keg — оқ-дәріге толы бөшкенің (күбінің) үстінде отырғандай.
6. Адамның басқа бір адамға немесе затқа қатынасын сипаттаушы фразеологиялық тіркестер: Қаз.: жыландай жек көру, құлындай шыңғырту, қойдай бауыздау; Ағыл.: hate smb like poison — біреуді удай жек көру, flieng smb aside like an old boot — біреуді қажеті жоқ ескі аяқ киімдей лақтырып тастау, яғни пайдаланып алғаннан кейін өзінен алыстату, қуу.
7. Түсті сипаттаушы фразеологиялық тіркестер: Қаз.: ақ бөкеннің таңындай, орман түлкісіндей қызыл, сүттей ақ; Ағыл.: as white as driven snowas milk — қардайсүттей ақ, as red as a turkey-cock — күрке тауықтың айдарындай қызыл.
8. Құбылыстар мен заттардың сапасын сипаттаушы фразеологиялық тіркестер: Қаз.: көздің жасындай таза (мөлдір), жаман түйенің жабуындай (келіссіз). Ағыл.: fresh as a daisy — маргаритка гүліндей жас, жаңа, cold as a frog — құрбақадай суық.
9. Арақашықтықты сипаттайтын фразеологиялық тіркестер: Қаз.: есік пен төрдей, ат шаптырымдай жер, қозықой өрісіндей жер. Ағылшын тілінің фразеологиялық теңеулерінің біз жинаған материал ішінде бұл топқа жататындары кездеспеді.
10. Уақытты сипаттаушы фразеологиялық тіркестер: Қаз.: бие сауымдай уақыт, сүт қайнатымдай уақыт, қас қаққандай. Аталмыш топқа да ағылшын тілінің фразеологиялық теңеулері біз қарастырған материал арасынан кездеспеді.
11. Адамның тамақтану процесін сипаттаушы фразеологиялық тіркестер: Қаз.: бурадай қарш-қарш шайнау, егінге түскен сиырдай жайпау;
Ағыл.: eat like a pig — шошқадай ішіп-жеу, drink like a fish — балықша ішу.
12. Заттар мен құбылыстардың көлемін сипаттаушы фразеологиялық тіркестер: Қаз.:қойдың құмалағындай, ешкінің асығындай, иненің жасуындай; Ағыл.: as light as a drum — барабандай жеңіл, thin as a lathrake — ескектей жіңішке.
Теңеу бейнесі қызметін орындаушы семалар негізінде қазақ және ағылшын тілдерінде фразеологиялық теңелеурдің мынадай топтары анықталды:
1. Үй жануарлары атауларынан жасалған фразеологиялық тіркестер: Қаз.:тағасыз аттай тайғанау, егінге түскен сиырдай жайпау;Ағыл.: stubborn as a mule — есектей қиқар, squeal like a stuck pig — шала бауыздалған шошқадай шыңғыру.
2. Күнделікті тұтыну заттар атауларынан жасалған фразеологиялық тіркестер: Қаз.: сабынша бұзылу, тозған бөздей ыдырау; Ағыл.: to fit like a glove — қолғаптай дәл), as fat as butter — сары майдай толық.
3. Аң атауларынан жасалған фразеологиялық тіркестер: Қаз.: қойға тиген қасқырдай, ақ маралдай керілу, жолбарыстай білекті; Ағыл.: as agile as a monkey — маймылдай икемді, as cross as a bear — аюдай ашулы, as cunning as a fox — түлкідей айлалы
4.Құс атауларынан жасалған фразеологиялық тіркестер: Қаз.: торға түскен қырандай, бұлбұлдай сайрау, жүнін жұлған тырнадай; Ағыл.: as drunk as (a boiled) an owl — жапалақтай мас, as gay as a lark — бозторғайдай көңілді, as a mild as a dove — көгершіндей жұмсақ.
5. Табиғат және қоршаған орта құбылыстарының атауларынан жасалған фразеологиялық тіркестер: Қаз.: бұлттай сұрлану, жауар күндей түнеру, желдей есу; Ағыл.: look like thunder — күннің күркіреуіндей көріну, яғни ашулы, ызалы, like greased lightning — найзағайдай шапшаң, жылдам.
6.Өсімдік атауларынан жасалған фразеологиялық тіркестер: Қаз.:тікендей қадалау, қызыл гүлдей құлпыру, жел соққан қамыстай жапырылу; Ағыл.: grow up like mushrooms — саңырауқұлақтай өсу, көбею, shake as a leaf — жапырақтай дірілдеу, stick to smb like a bur — біреуге ошағандай жабысу.
7. Жәндік атауларынан жасалған фразеологиялық тіркестер: Қаз.: қара құрттай қаптау, шыбындай қырылу, аш кенедей жабысу; Ағыл.: as merry as a grig — көк шегірткедей көңілді, ants in one’s pants — шалбар киген құмырсқадай, яғни ыңғайсыз, мазасыз сезіну.
8. Азық-түлік атауларынан жасалған фразеологиялық тіркестер: Қаз.: айрандай ұйып отыру, бал қаймақтай, балға ашытқан қымыздай. Ағыл.: as brown as a berry — жидектей қоңыр, яғни күнге күйген, as full as an egg is of meat — етке толы жұмыртқадай толық, толы, толтырылған.
9. Діни атауларға байланысты жасалған фразеологиялық тіркестер: Қаз.: жын ұрғандай жұлқыну, көктен түскен періштедей, иманындай сақтады. Ағыл.: a certain as preachig — діни уағыздай шын, айқын, as safe as a church — шіркеудей сенімді, берік, as ugly as sin — күнәдай үрейлі, қорқынышты.
10. Ауру атауларына байланысты жасалған фразеологиялық тіркестер: Қаз.:сүзектен тұрғандай. Ағыл.: avoid like the leper — алапес ауруынан қашқандай, to avoid someone or smth like the plague — чума ауруынан қашқандай.
11. Тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға байланысты жасалған фразеологиялық тіркестер: Қаз.: Абылай аспас асудай, Атымтайдай жомарт, Наушаруандай әділ; Ағыл.:as game as Ned Kelly — Нед Келлидей күшті. Нед Келли атақты қарақшы, as old as Methuselah — Мафусаилдай (библия кейіпкері) кәрі, ескі, as pleased as Punch — Панчодай (көше кезіп жүретін қуыршақ театрының кейіпкері) разы, риза
12. Балық атауларына байланысты жасалған ФТ-лер: Қаз.: ақ сазандай бұлқынды, тұмсығы тасқа тиген бекіредей, шабақтай шүпірлету; Ағыл.: as flat as a flounder — камбала балықтай теп-тегіс, жазық, closedumb as an oyster — устрицадай үндемеу, мылқау, аузын ашпау, swim like a fish — балықтай жүзу.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің жалпы мағынасы мен фразеологиялық мағынаны жасаудағы теңеу бейнесінде қолданылатын ұйытқы сөздерді зерделей келе төмендегідей тұжырым жасауға болады:
1. Тілде көрініс табатын ұлттық ерекшеліктер фразеологизмнің құрамындағы ұлттық мәдени компонентімен байланысты. Мәселен, үй жануарларының тақырып тобын қарасақ, қазақ тілінің фразеологиялық теңеулерінде көбіне жылқы, қой, түйекомпоненттері, ал ағылшын тілінде шошқа, тауық, қаз компоненттері жиі қолданылады, яғни кей атаулардың фразажасамдық белсенділігі қазақ тілінде жоғары, ағылшын тілінде төмен болса, ал кейбір атаулардың осы қасиеті керісінше ағылшын тілінде жоғары, қазақ тілінде төмен болып келеді.
2. Мағыналық жіктелу тұрғысынан қазақ тілінде фразеологиялық тіркестердің 12 негізгі мағыналық тобы, ал ағылшын тілінде 10 мағыналық тобы анықталды. Ағылшын тілінде арақашықтық пен уақытты сипаттайтын фразеологиялық тіркестер біз жинаған материалда кездеспеді.
3. Теңеу бейнесі қызметін атқаратын ұйытқы сөздер екі тілде де 12 тақырыптық топтың атауларынан жасалады. Дегенмен, бір тақырыптық топқа жататын фразеологиялық тіркестер саны екі тілде бірдей емес. Мысалы, ағылшын тілінде өсімдік атаулары, діни атаулар, құс және жәндік атаулары көбірек кездессе, қазақ тілінде үй жануарлары, күнделікті тұтыну заттар атаулары саны жағынан фразеологиялық тіркестер жасауда басымырақ қолданылады. Екі тілде де фразеологиялық теңеулер негізінде адамның өмірі мен қызметін, сипаты мен әртүрлі қасиеттерін, мінез-құлқын т.б. қасиеттерін бейнелі сипаттау үшін қолданылатыны байқалады.
Дүниетаным, ойлау қабілетінде салғастырылушы тіл иелері халықтарда ортақ болғанымен, өмір сүру жағдайы, табиғи орталығындағы айырмашылыққа қатысты бейнелеу, суреттеу, әсерлеу нысандары мен эмоционалдық жағынан алғанда әр халықтың өзіндік ұлттық ерекшелігі бар. Мысалы, қазақ тіліндегі қыздың жиған жүгіндей деген фразеологиялық теңеудің ағылшын тілінде баламасын табу өте қиын. Бұл — қазақ халқының көшпелі тұрмыс-тіршілігі, өмір салтымен байланысты әсемдікті танытудың көрінісі. Сол сияқты, ағылшын тіліндегі (as) dumb as a woolden Indian (сөзбе-сөз: дүкен алдында тұрған индеецтей), жалпы топас, ақымақ деген мағынада қолданылады. Жарнама ретінде Америкада темекі сататын дүкендердің алдында индеецтің ағаш мүсіндерін қою осы елдің дәстүріне жатады. Ал американдықтар түсінігінде ертеде индеецтер ақымақ, топас деп бағаланған.
Келтірілген мысалдардан теңеу бейнесінің негізі ретінде екі тілде әр түрлі мағыналық топтардың құрамына кіретін атаулар қолданылатыны көрінеді. Олардың қолдану аясында әр тілге тән ерекшеліктермен қатар, екі тілге де ортақ белгілері де кездеседі[12,103б].
Бұл айтылған ой фразеологиялық теңеулердің концептілік құрылымы мен коннотативтік мағынасына талдау жүргізу арқылы дәйектеледі.
1.3 Қазақ және ағылшын тіліндегі афоризмдер мен фразеологимздердің ұқсастығы
Қандай да бір тіл болмасын оның фразеологиялық қоры ұлт мәдениетін, менталитетін, ұлттың психологиясын барынша қамтиды.Қазіргі отандық тіл білімінде енді ғана бой көтеріп, кейінгі жылдары ғана тұсауы кесілген саланың бірі- қазақ және герман, қазақ және роман тілдерінің фразеологизмдерін кешенді түрде тіл біліміндегі жаңа бағыттардың ұстанымдарына сүйене отырып зерттеу. Осындай тың, қиын, өзекті мәселелердің бірі — қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық бірліктердің салғастырыла зерттелуі. Сондықтан да қазақ және ағылшын тілдерінде фразеологиялық бірліктерді жүйелеп, салыстырмалы-салғастырмалы талдау жүргізіп, баяндау арқылы осы ерекшеліктерді анықтауға деген қызығушылық тудырады. Діні, мәдениеті, тарихы, әлеуметтік және саяси даму жолдары бөлек ағылшын және қазақ халықтары тілдеріндегі тұрақты тіркестерді салыстыра-салғастыра зерттеу арқылы оларға тән ұлттық-мәдени ерекшеліктерді айқындау, сәйкес тұстарын табу бүгінгі күннің өзекті мәселелері болып табылады.
Белгілі бір ұлттың тарихынан, мәдениетінен, таным болмысынан, тұрмыс-тіршілігінен хабардар ететін тілдік бірліктерге, ең алдымен, тілдегі фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жатады. Ұлт мәдениетінің қай түрінде болмасын, онда сол ұлттың бүкіл таным болмысы мен тұрмыс-тіршілік сипаты сақталған. Себебі бұлар белгілі бір ұлттың рухани дүниетанымдық, салт-дәстүр т.б. ерекшеліктерін көрсетеді, ұлттың өмір көріністерінің айнасы іспеттес. Біздің елімізде қазақ тілі мен орыс тілін салғастыра зерттеуге арналған еңбектер құрылымы әр түрлі тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеудің үлгісі болды.
Тіл мен мәдениет — халық дамуындағы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын ұлттық құндылықтар жиынтығы.
Әр ұлттың ана тілінде оның бүкіл өмірі, тарихы, тыныс-тіршілігі, рухани дүниесі көрініс табады. Адамның жан дүниесі мен болмысының, мәдениетінің қалыптасуына зор үлес қосатын халықтың баға жетпес байлығы — оның тілі. Тіл — мәдениеттің, ұлт өмірінің айнасы.Тіл мен мәдениет-қоғам дамуының әлеуметтік азығы. Тілдің әлеуметтік маңызы, табиғат тіл мен мәдениетті, тіл мен қоғамды тұтас алып қарағанда ғана айқындалады. Қоғамдағы саяси, мәдени өзгерістер тілде де өз ізін қалдырып отырады. Тіл қоғамнан, мәдениеттен тыс өмір сүрмейді, себебі ол қоғам мен мәдениеттің көрінісі болып табылады. Қоғамда болып жатқан өзгерістер арқылы бейнеленіп, сипатталып, тілдің кумулятивтік қызметі арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіледі.Тіл білімінің басқа салалары сияқты фразеология саласы да бүгінгі таңда терезесі тең, дербес пәнге айналып отыр. Фразеологиялық бірліктердің танымдық қызметі зор, ең көне бірліктер қатарына жатады, әрі қарапайым, тілде жиі қолданылады. Фразеологиялық теңеулер фразеологизмдердің басқа түрлерінен өзінің құрылымы, мағынасы мен стильдік қызметі арқылы ерекшеленеді. Олар белгілі бір заттың көркемдік сипатын бейнелі түрде суреттейді. Ал, фразеологиялық теңеулер — ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші затпен салыстыру арқылы олардың арасындағы сәйкестіктерді анықтауға көмектеседі.
Теңеуде салыстырушы теңеу заты және оған қажетті 9 негіз бар. Ал метафораға ондай негіз қажет емес. Фразеологиялық теңеулер табиғатын зерттеуде фразеологиялық теңеу мен метафораның өзара байланысы, ұқсастығы мен айырмашылықтарына тоқталу қажет. Фразеологиялық теңеулер екі затты салыстырудың нәтижесі болса, метафоралар — олардың ұқсастығының нәтижесі She is a fox — ол түлкі; She is as sly as a fox — ол түлкідей қу, айлакер. Фразеологиялық теңеулерді лингвомәдениеттану және когнитивтік лингвистиканың негізгі ұстанымдарына сүйене отырып салыстырмалы-салғастырмалы зерттеу жүргізудің мәні ерекше. Себебі халықтың дүниетанымы, өмірге және қоршаған ортаға деген көзқарасы, салт-дәстүрі, көңіл-күйі әр халықтың жалпы фразеологиясынан, оның ішінде, әсіресе, фразеологиялық теңеулерден көрініс табады. Фразеологиялық теңеулер жекелеген өмір құбылысына нақты баға беретін, ғасырлар бойы атадан балаға мұра ретінде беріліп отыратын, әр халықтың өмірінен мәні зор деректерді өз бойына жинақтаған халық мұрасы. Сондықтан, туыстас, не туыс емес тілдердегі фразеологиялық теңеулерді лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан зерттеу әр тілдің өрнек бояуын, ерекшелігін танып білуге, олардың тілдік қолданыстағы қасиеттерін ашуға мүмкіндік береді. Фразеологизмдердің ішкі формаларының тасалануынан олардың мағыналарының күңгірттенуі шығады. Осы тұрғыдан алғанда, туыстығы жоқ қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің ерекшеліктерін немесе кейбір сәйкестіктерін анықтау ерекше мәнге ие, себебі тілдік ерекшелік ұлттық ерекшеліктерден мағлұмат беруі әбден мүмкін. Ондай фразеологизмдердің сырын, жасалу төркінін тілдің ішкі заңдылықтарынан, этимологиядан іздеу қажет. Мысалы, кәрі қойдың жасындай жасы қалды фразеологизмі қой түлігінің тіршілік ету мерзімін (10 шақты … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz