Анасына видео қоңырау шалған жігіт жұмбақ елесті видеоға түсіріп алды

0
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

85601

Жігіт анасына видео қоңырау шалған кезде экраннан «жұмбақ елесті» көреді

АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. Камераға түскен ерекше оқиғаның видеосымен Алан Смит Youtube арнасында бөліскен, деп хабарлайды Daily Star.

Ұлы анасына видео қоңырау шалып, камерадан біртүрлі құбылысты көргенде таң-тамаша болады. Әйел адамның алдында жарқыраған шар пайда болыпты.

Алан Смиттің анасы көз алдында ештеңені көрмеген, телефонындағы камера арқылы ғана шарды байқайды. Видеода ол тылсым «қонақты» қуып жатыр.

Алан елестер туралы қалжыңдап, бұл құбылысты камераның ақауы шығар деп ойлаған. Шар біраз уақыт кетпей, әйелдің қыр соңынан қалмай қойған кезде жігіттің күлкісі сап тыйылып, қорқа бастайды.

Қолданушылар роликтің шынымен қорқынышты екенін айтып, пікір қалдыруда. Кейбіреулерге жұмбақ шар сүйкімді болып көрініпті.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/