Техникалық тауарлар дүкенінде бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілері анықталды

0

«Мечта Маркет» ЖШС, сондай-ақ бәсекелес Arena S ЖШС мен Technodom Operator АҚ-та  техникаларды сату бағасы бірдей екені анықталды. Бұл дерек «Тұрмыстық техниканы сату бойынша тауар нарығын талдау аясында анықталды.

2021 жылғы 1 қаңтардан 20 қыркүйекке дейінгі кезеңде Өскемен қаласында тоңазытқыштарды сату нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау алынды, оның қорытындысы бойынша Аrena S ЖСШ, Technodom Operator АҚ, «Мечта Маркет» ЖШС әрекетінде бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілері анықталды», — деді ведомство өкілдері.

«Ұйымдардың тәуелсіз қаржылық-шаруашылық қызметіне қарамастан, тауарларды сату бағасы бірдей, бұл бағаны көтеру және ұстап тұру бойынша бағалық сөз байласуды куәландырады. Осы субъектілердің әрекеті тауарларды өткізу бағасын белгілеу мен ұстап тұруда келісілген әрекеттер ретінде сипатталады», — деді ведомство өкілдері.