АҚШ-тағы қазақ елшісі Ерлан Ашықбаев дәріс оқыды

0

 17 наурыз Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев университеттің әйгілі Тереңдетілген халықаралық зерттеулер мектебінде дәріс оқыды, — деп хабарлайды Kznews.kz сайты. Бұл жиын Джонс Хопкинс ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.

Е.Ашықбаев өз сөзінде Жолдаудың негізгі ережелеріне егжей-тегжейлі тоқталып, бұл бағдарламалық құжат еліміздің ауқымды трансформациясы мен «Жаңа Қазақстан» құрылысының бастау нүктесі екенін жеткізді.

Қазақстандық дипломат реформалардың кең ауқымды қамтитындығына және президенттік өкілеттіктерді шектеу, Парламенттің қос палатасының қызметін қайта қарау, сондай-ақ Конституцияна өзгерістер енгізу, жаңа заңдар шығару, билік институттарының теңгеріміне елеулі түзетулер енгізілу керектігіне баса назар аударды.

Жолдау американдық сарапшылардың, оқытушылар мен студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды, олар жарияланған бағдарлама Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің басталуын білдіретінін атап өтті.
Дәріс барысында Қазақстан Елшісі сондай-ақ қаңтар оқиғасы бойынша жүргізіліп жатқан тергеудің алдын ала нәтижелері туралы хабардар етіп, Мемлекет басшысының негізгі адам құқықтарын қорғауға, оның ішінде қамауда отырғандардың құқықтарын тиісті деңгейде қамтамасыз етуге тырысып жатқанын атап өтті.

Сөз соңында Е.Ашықбаев университет оқытушылары мен студенттерінің сұрақтарына жауап берді.

(фото www.gov.kz сайтынан алынды)