ЖЭО-2-де құлаған құбыр астынан машинистің денесі табылды

0

ЖЭО-2-де құлаған құбыр астынан машинистің денесі табылды. Қаза тапқан адам 1984 жылы туған әйел болып шықты. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау басқармасы, сондай-ақ, СҚО ТЖД қызметкерлері растады, — деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«22 наурызда сағат 10.32-де құрылыс конструкциясы үйінділері астынан әйелдің жансыз денесі табылды. 00.05-те мәйіт үйінді астынан шығарылып, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін жіберілді», — деді СҚО ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті өкілі екі тәуліктен аса уақыт бойы машинистті іздестіру жұмыстары жүргізілгенін айтты.

Күрделі жағдайға байланысты жұмыс істеу қиын болғаны айтылды. Құтқарушылар ауыр инженерлік техниканы қолданбаған, талдау арнайы құралдар көмегімен, қолмен жүргізілген.

СҚО ТЖД психологиялық қызмет тобы марқұмның туыстарымен жұмыс істейді.

(Фото egemen.kz сайтынан алынды)