Александр Невзоров: Миллиондаған адам Путиннің өлімін қалап отыр
Ресейлік публицист Александар Невзоров Ресейдің Украинаға қарсы әрекетін сынға алды. Оның айтуынша, 80 жылда бірінші рет күллі адамзат Владимир Путиннің өлімін қалап отыр, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол бір адамның өлімі бүкіл қиындықты еңсеруге жол ашатынына сенім білдірді.
«Миллиондаған адам ояна сала, смартфондарына тек екі сөз оқу үшін кіреді. «Путин өлді» – дәл осы тақырыпты бәрі көргісі келіп отыр. Өкінішке қарай, оның баспасөз хатшысы Песковтың сөзіне сенетін болсақ, Ресей президентінің психологиялық жағдайы жақсы», — деді Невзоров.
Сондай-ақ публицист соғыстың болуына Ресей президентінің сауатсыздығы әкелгенін айтты. Ол Путин бұйрығымен он мыңға жуық адам қайтыс болғанын алға тартты.