Лазер сәулелерінен ультра және инфра дыбыстан қорғану

0

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Ақпараттық технологиялар факультеті
Информатика кафедрасы
Есептеу текхникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету мамандығы

СӨЖ-1
Тақырыбы: Лазер сәулелерінен ультра және инфра дыбыстан қорғану

Жұмысты орындаған: Иманжан Саят.
Жұмысты тексерген: Қожахан А.К.

2018-2019 жыл
Жоспар
Дыбыс, ультрадыбыс, инфрадыбыс және лазер туралы жалпы түсініктер
Ультрадыбыстар мен инфрадыбыстардың ағзаға әсерлері және қорғану әдістері
Лазер сәулелерінен қорғану әдістері
Қолданылған сайттар тізімі

Дыбыс, ультрадыбыс, инфрадыбыс және лазер туралы жалпы түсініктер
Дыбыс, кең мағынасында — газ, сұйықтық немесе қатты күйдегі серпімді орта бөлшектерінің толқын түрінде таралатын тербелмелі қозғалысы; тар мағынасында — адамдар мен жануарлардың арнаулы сезу органымен субъективті түрде қабылданатын құбылыс.
Ультрадыбыс (лат. ultra — шектен тыс, үстінде және дыбыс) — адам құлағына естілмейтін жиілігі 20 кГц-тен жоғары серпімді толқындар. Ультрадыбысты жануарлар (жарғанаттар, балықтар, жәндіктер) қабылдай алады. Ультрадыбыстар, керісінше, физикалық және технологиялық әдістерде кеңінен қолданылып отыр. Бұл дыбыстарды адамдар арнайы құралдардың көмегімен естиді және қабылдай алады. Ультрадыбыс толқындарының басты ерекшелігі — оларды дыбыс көзінен белгілі бір бағытта таралатындай етіп бағыттауға болады.
Инфрадыбыс (лат. іnfra — төмен, астында) — жиілігі адам еститін дыбыс толқыны жиілігінен төмен (16 Гц-тен төмен) серпімді толқын. Амплитудасы үлкен И-тар жер сілкіну, су асты, жер асты қопарылыстары, қатты дауыл кезінде, цунами толқындарынан, т.б. пайда болады. Бұл дыбыстарды адам құлағы қабылдамайды, бірақ олар белгілі бір дәрежеде адам организміне әсер етеді. Мысалы, 5 Гц-тен 9 Гц-ке дейінгі жиілік аралығында инфрадыбыстар бауырдың, асқазанның, көкбауырдың тербеліс амплитудаларын арттырады, көкірек қуысында ауыртпалық туғызады, ал 12 — 14 Гц жиіліктерде құлақта шуыл пайда болады. Инфрадыбыстардың адам организміне кері әсері болғандықтан, олар техникада кеңінен қолданыс таппаған.
Лазер (ағылш. laser, ағылш. light amplification by stimulated emission of radiation — жарықты мәжбүрлі сәулелену арқылы күшейту қысқашасы) — бір сызыққа жинақталған сәулелер, оптикалық кванттық генератор — толтыру (жарық, электр, жылу, химиялық және т.б.) энергиясын когерентті, монохроматты, поляризацияланған және тар бағытталған сәулелену ағынының энергиясына түрлендіруші аспап.

Ультрадыбыстар мен инфрадыбыстардың ағзаға әсерлері және қорғану әдістері
Инфра дыбыстың негізгі көздері, іштен жану двигательдері, желдеткіштер, поршенді компрессорлар және басқа жүрісі баяу машиналар болады. Инфра дыбыстық 100-120 дБ деңгейімен әсер еткен кезде, адамның басы ауырады, жұмыс қабілеттілігі төмендейді, қорқыныш үрей пайда болады, вестивибулярлы аппараттардың функциясының бұзылады, ал 5-10Гц жиілікте — ішкі мүшелердің дірілі сезіледі. Октавалы жолақты дыбыс қысымының деңгейі, орта геометриялық деңгейі 2,4,8 және 16 Гц — те 105 дБ-дан көп болмады керек, ал жиілігі 32 Гц — тегі жолақта — 102 дБ-дан көп болмауы керек.
Инфра дыбысты тербелістердің ұзақ уақыт әсер ету нәтижесінде адамда, әлсіздік, қозғалғыштық пайда болады, сезімі нашарлап, түс көруі бұзылады. 8 Гц жиілікті инфра дыбыс, адам үшін өте қауіпті, бұл жиілік адам миының биотоқтарының альфа ырғағымен сәйкес келеді.
Инфра дыбысты төмендету қарқындылығы, оның көздерін азайту, оқшаулау, жұтылу, жеке қорғаныс құралдарын қолдану көмегімен жүзеге асады.
Инфра дыбыспен күресудің негізгі шараларына, сонымен бірге машиналардың жылдам жүрісіні арттыруды жатқызуға болады, бұл естілу жиілігінде максимум шағылуды қамтамасыз етеді; үлкен өлшемдегі конструкциялардың қаттылығын арттыруға; төменгі жиілікті дірілді жобға; реактивті типті … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz