Мемлекет басшысы Түрікменстанның жаңа сайланған Президентімен сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовпен және Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды Kznews.kz сайты «БОРТ N1″ Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, Түрікменстанның игілігі мен өркендеуі жолындағы оның аса жауапты мемлекеттік қызметіне мол табыс тіледі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің бауырлас екі ел арасындағы достықты, тату көршілікті және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға қосқан жеке үлесін ерекше атап өтті.
(Фото Bort N1 телеграмм-арнасынан алынды)