Домой Жаңалықтар Шетелге доллар шығарғандар жауапқа тартылады

Шетелге доллар шығарғандар жауапқа тартылады

0
55

Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік валютаны елден шығару туралы тыйымды бұзған жағдайда қандай жауапкершілік көзделгенін айтты,- деп хабарлайды Kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Тыйымды бұзған адамдар Қазақстан заңнамасына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады.

«Әкімшілік жауапкершілікке тартылған жағдайда 15 АЕК мөлшерінде (45,9 мың теңге) айыппұл салынады. Сондай-ақ, соттың шешімімен ақша мен тауар мемлекет кірісіне тәркіленуі мүмкін», — деп ескертті мемлекеттік кірістер комитеті.

Комитет шекарадан өту кезінде кідіріске жол бермеу үшін өзіңмен бірге (багажда) алған қолма-қол ақшаны алдын ала есептеп шығуға кеңес берді.

(Фото 1prime.ru сайтынан алынды)