“Бәрін Мәскеуге жинау керек” — Лукашенко Путинмен кездесті
Беларусь президенті Александр Лукашенко Мәскеуде Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесті. Әңгімелесу барысында Беларусь Республикасының басшысы Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) және Қазақстан кіретін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) елдері басшыларының кездесуін өткізу қажеттігін мәлімдеді.
Лукашенко бұл санкцияларға қарсы шешімдер әзірлеу үшін қажет деп санайды.
«ҰҚШҰ-да мен ЕАЭО-да бірге жиналуымыз керек. Өйткені, бәріміз бірге болуымыз керек. Менің ұсынысымды қолдайды деп ойлаймын. Бәрін Мәскеуге жинап, келіссөз үстеліне отыру керек», — деді Лукашенко.
Сондай-ақ ол Батыстың Минск пен Мәскеуге қарсы санкцияларының барлығы заңсыз екенін айтып, оны жай ғана «жиіркенішті» деп атады.