Қоғам қайраткері әкім мен министрді «мәңгүрт» деп атады

0
4065

Қоғам қайраткері әрі кәсіпкер Арман Шораев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасап, Қызылорда облысының әкімі мен Сыртқы істер министрін сынға алды.

Оның айтуынша әкім мен Сыртқы істер министрі Байқоңырдағы қазақ балаларын мәңгүрт деп атаған ресейліктерге жауап қайтармаған.

– Қызылорда облысының әкімі Гүлшара ханым, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді сендер мен үшін қазақ емес, мәңгүртсіңдер. Өйткені, орыстар Байқоңырдағы қазақ балаларын мәңгүрт деп жатқанда, тіл қатпадыңдар. Гүлшара сені Әлия мен Мәншүктердің ұрпағы, батыр қыз деп ойлаған едім, – деді Шораев Instagram  парақшасында.