Путинді тоқтатудың бірден бір жолы айтылды

0

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Путинді қалай тоқтатуға болатынын талқылады.

«Мен Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен Украинаға қауіпсіздік пен гуманитарлық көмек көрсету жөнінде сөйлестім. Сондай-ақ, Путинді қалай тоқтатуға болатынын талқыладық» — деп жазды Блинкен Twitter-де.

Дмитрий Кулеба Блинкенге Украинаның қорғаныс қабілетін нығайту үшін қандай қадамдар жасау керектігін айтты.

«АҚШ-қа Ресейге қарсы санкциялардың жаңа пакеті үшін алғыс айтамыз. Ресейге украиндықтарға қарсы агрессия мен соғыс қылмыстарын тоқтатқанша қысым көтерілуі керек» — деді Кулеба.