Домой Жаңалықтар «Ресей 14 күннің ішінде Украина жеріне 710 зымыран атқылаған» — Пентагон

«Ресей 14 күннің ішінде Украина жеріне 710 зымыран атқылаған» — Пентагон

0
1203

Ресей Украинаның бейбіт елді мекендерін әуеден атқылауды жалғастыруда. Екі ел арасындағы жағдай басталғаннан бері Ресей тарапы Украина жеріне 710 зымыран атқылаған. 

Бұл туралы АҚШ қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Джон Кирби мәлімдеді.

«Украинаның ішінен де, сыртынан да атылған зымырандардың барлығы дерлік Украинаның шығыс бөлігіндегі нысандарға бағытталған. Егер сіз Киевтен Одессаға түзу сызық жүргізсеңіз, онда бұл соққылардың барлығы дерлік осы сызықтың шығысында шоғырланған» — деді ол.

Джон Кирби сондай-ақ бейбіт тұрғындардың зымыран мен әуе, артиллерия және басқа да шабуылдардан қауіпсіз болуы үшін Украинаға басып кіруді дереу тоқтату керектігін баса айтты.

Бұған қоса, Пентагон Украинаның әуе қорғаныс жүйесі әлі де тиімді екенін атап өтті.