Журналистер Путиннің өтірігін әшкереледі

0

Ресей президенті Владимир Путин 3 наурызда Франция президенті Эммануэл Макронмен болған әңгіме барысында «Ресей армиясы Украина қалаларын атқылап жатыр» деген ақпараттың өтірік екендігін мәлім етті.

«Бірінші кезекте Украинаның бейтарап болғанын қалаймыз. Оның аумағынан Ресейге ашқандай қауіп төнбеуі тиіс», — деген Путин.

Путин «Ресей Киевті де атқылап жатыр» деген ақпараттың да жалған екендігін мәлім етті.

«Мұның бәрі де өтірік, антиресейлік дезинформация», — деді ол.

Дегенмен news.bigmir.net порталы Путиннің бұл айтқандарына қарсы Ресей армиясының шабуылынан қираған Украина қалаларының фотоларын жариялады.