Есін жинаған Саят Медеуов алғаш рет сұхбат берді: «Ешкімнің басына бермесін»

0
Жол апатына түсіп, аурухананың жан-сақтау бөліміне түсіп қалған Саят Медеуовтің беті бері қарады. Әнші алғаш рет өз жағдайы жайлы kznews.kz тілшісіне айтып берді.
Армысыздар, қалдарыңыз қалай? Құдайға тәубә, бетім бері қарады. Ең бастысы ешкімнің басында мұндай жағдай болмасын деп тілеймін. Менің басымда болғанына, Құдайға шүкір. Осының бәрі менімен кетсін. Шыны керек, өткенде қатты ауырғанда, осы жолы да Құдайдан бір нәрсені тіледім, ата-анамның  дүниеден осыны көрмей кеткендеріне шүкір деп…
Енді сіздердің амандықтарыңызды тілеймін. Бір жағы қуансам, бір жағы мұңайдым. Өзгенің емес, менің басымда болғанына…
Мен қиналсам да, ел қиналмасын. Халықтың арасында жүрген адамдармыз, халықтың тілеуінің арқасында аманбыз.

«Өліп қалды» деп сайттарға салып жатыр екен, Құдай сақтасын, аман болайық.

Болды, енді, «естіген құлақта жазық жоқ» деген қазақтың сөзі бар, ешкімге өкпелеуге хақым жоқ. Ешкім жаман ниетпен жазбаған шығар, әйтеуір, өліп бара жатсам да пайдам тиіп кетсе, болды, аман болайық!

Саят Медеуовтің аман-есен отбасына, сахнаға оралуын тілейміз!

Бұған дейін Саят Медеуовтің жол апатына ұшырап, ауыр жарақат алғанын жазған едік.