«Жүрегіңмен жақсы көретін жандармен бірге бол»: Ерке Есмахан Қайрат Нұртасқа тілегін жолдады

0
2660

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан өнердегі әріптесі Қайрат Нұртасқа ерекше тілек тілеп, оны тағы да туған күнімен құттытады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан Қайратқа осы кезеңнен сүрінбей өтіп, жүрегі жақсы көретін жандарымен бірге болуды тіледі. Өнер иесі жүрекжарды жазбасын Instagram парақшасында жарияған. «Мен тек өз қалауыммен жүретін адам екеніме көзім жетті! Өз еркелігімді өзім көтере аламын! Көңілімнің қошы Мальдив аралдарына барғысы келді, бардым! Алла сәтін салды, шүкір! Әрине себепкер — досым Қайрат Нұртас! Туған күніңмен! Денің сау болсын! Абыройың асқақтай берсін! Ата анаң, бауырларың, отбасың, жанашыр жандарың аман болсын! Сен халықтың жүрегінен орын алған әншісің! Осы кезеңнен сүрінбей өтіп, жүрегіңмен жақсы көретін жандармен бірге бол! Бақытты бол! Сыйластығымыз ортаймасын», — деп жазды әнші. Айта кетейік, Ерке Есмахан Қайрат Нұртасты арнайы құттықтау үшін Мальдив аралдарына тосын сый болып барған.