Белгілі сынықшы Путин қашан биліктен кететінін айтты
Ақтөбелік белгілі сынықшы Бағдагүл Лепесова Ресей мен Украина арасындағы соғыстың немен аяқталатынын болжап көрді.
Экспресс К басылымының хабарлауынша, сынықшы «Ресейді әлі көп қиындық күтіп тұр» деп өзінің парақшасында жазған.
Оның айтуынша, ол қасіретті қаңтардан кейін түс көріп, оны тікелей эфирде оқырмандарымен бөліскен. Бағдагүл өзінің көргені шындыққа айналып жатқанын айтты.
«Екі күн келісімге жиналды. Бірақ ештеңе шешкен жоқ. Ресейдің өз бетінен қайтпағанын көрдім. Бірақ екі айдан кейін орыстардың өз елінде қарсылық шеру басталады. Алты айдан кейін басшылары өзгеріп, жаңа басшы қайта абыройын жинауға асығады» деді сынықшы.
Емші Ресей көршісімен тіл табысатынын да айтқан. Бағдагүл Лепесова артынша жазбасын өшіріп тастаған.