Кәріс жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы көптің қызу талқысына түсті (видео)

0

Тағы бір қазақ қызы өзге ұлттың жігітіне тұрмысқа шықты.

Қызға сырға салу сәтінің видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті, деп хабарлайды кznews.kz сайты Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Онда корей тілінде сөйлеген әйел қазақ қызына сырға салып, өздерінің ұлттық киімін сыйлайды. Тағы бір видеода жас жұбайлардың тойға корей ұлтының киімін киіп келген сәтін көруге болады. Ол бейнежазбада қыздың ұзату тойында күйеу жігіттің ұлттық киімін киіп шыққаны жазылған.

Видеоны көрген желі қолданушылары жас жұбайларды қызу талқылады. Басым көпшілігі жастарға бақыт тіледі. Ал енді бірі өзге ұлттың ұлына тұрмысқа шыққан қазақ қызына шүйлікті.

«Қазақ баласы табылмай қалды ма?», «Әйел заты кімге шықса да бақытты болуға лайық», «Бақытты болсын», «Жетпегені осы еді енді. Айтарға сөзім жоқ», «Мұсылман дінін қабылдаған ба екен?», «Қыздың өзі де кәріске ұқсайды екен» деп жазды желі қолданушылары.

Әлеуметтік желідегі мәліметтерге сенсек, жігіт отбасымен Қазақстанға көшіп келген. Қазақ еліне күйеу бала болған ол мектепті Алматыда оқыған. Орыс тілін жетік меңгерген. Қазақ тілінде сөйлей алмаса да түсінеді екен. Жігіт 1991 жылы дүниеге келген. Ал оған тұрмысқа шыққан қыз өзінен 7 жас кіші.

Экспресс К бұған дейін араб жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы туралы жазды. Оның қалыңмалына 10 миллион теңге берілген. Қазақ қызының өзі неліктен араб жігітіне тұрмысқа шыққанын Экспресс К тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында айтып берді.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.