Мұхтар Жәкішевті энергетика министрі жұмысқа шақыра ма?

0

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында энергетика министрі Болат Ақшолақовқа «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясының экс-басшысы Мұхтар Жәкішев туралы сауал қойылды, деп хабарлайды кznews.kz сайты.

«Жәкішевті қайта шықырып, тәжірибесі мен менеджерлік қабілетін пайдалану ойларыңызда жоқ па?» — деп сұрады «Экспресс-К» сайтының тілшісі Аян Қайырбаев.

«Енді сұрақтың өзі қызық. Бұл сұрақ біздің құзіретімізге жатпайды. Біріншіден, сол азаматтың өз шешімі болуы керек; екіншіден, қай салада, қай деңгейдегі лауазымда қызмет атқарғысы келетіні де белгісіз. Сондықтан жауап бере алмаймын», — деді Ақшолақов.