Мейіржан Төребаев: «Талдықорғандағы оқиғадан халықтың назарын біз жаққа аударуда»

0
Күмәнді қаржылық ұйымдарды жарнамалаймын деп басы дауға қалған танымал вайнер Мейіржан Төребаев өзіне тағылған айыптарға қатысты түсінік берді.

Өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалды деген ақпарат шыққаннан соң, вайнер өз көрермендеріне видео-үндеу жолдады, деп хабарлайды Экспресс К.

Құрметті, достар. Қазір да маған қарсы ақпараттық буллинг жасалып, елдер хайп ұстап жатыр. Менде бәрі дұрыс. Жағдай бақылауда. Мені айыптауға негіз жоқ адвокатымыз екеуміз қалалық прокурорға шағым түсірдік. Мәселені анықтаймыз,

Талдықорғандағы, Жаңаөзендегі болып жатқан оқиғалардан халықтың назарын біз жаққа бұруда. Біреулерге осы керек сияқты…

— деп мәлімдеді вайнер.

Еске сала кетсек, бұған дейін Экспресс К белгілі блогерлерге қатысты Алматы қалалық сотында айып тағылғаны жөнінде және олардың жарнамасынан кейін халықтың қанша миллиард теңгеге зардап шеккені туралы хабарлаған.