Олимпиадада Қытай атынан өнер көрсеткен этникалық қазақ ана тілінде үн қатты

0

2022 жылғы Олимпиада ойындарында Қытай атынан өнер көрсеткен этникалық қазақ Ақнар Ардақ қазақстандықтарға ана тілінде үн қатты, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі ZTB.kz-ке сілтеме жасап.

«Қолдап жатқандарыңызға ерекше алғыс. Бүгін жақсы сырғанап шықтым. Мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында дүниеге келдім. 11 жастан бастап коньки тебемін. Отбасым қазір теледидардан жарысымды көріп отыр. Қазақстаннан келген достарымның жақсы нәтижеге жетуін тілеймін», — деді ол.

Еске салайық, 2022 жылғы Олимпиадада Қытай атынан өнер көрсететін этникалық қазақ Ақнар Ардақ сұлулығымен түрлі елден келген жанкүйерлерді тәнті еткен еді.