«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» кәсіпорнының жұмысшылары тағы да ереуілге шықты

0

Ақтау қаласындағы «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС кәсіпорнының қызметкерлері екінші рет ереуіл өткізуге жиналды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Бұл — осындай екінші акция. Алғашқысы ақпанның 2-сі күні өтті. Ол кезде жұмысшылар өңірдегі күнкөрістің қымбаттығын айтып, жалақыны 100 пайызға көтеруді талап еткен болатын.

Бұл акцияға жауап ретінде компания басшылығы жалақыны 30 пайызға көтеруді, мереке күндері қызметкерлерге сыйақы беруді және тоқсан сайынғы сыйақыларды төлеуді ұсынды.