Досаев өзіне қарсы митинг өткізуге рұқсат берді

0

Алматы әкімдігі арнайы митинг өткізуге рұқсат берді, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz порталына сілтеме жасап.

Ішкі саясат өкілдері Алматы әкімдігі «әкімдерді халық сайлауы керек» деген талаппен өтетін митингке рұқсат бергені анықталды. Белсенділер қала әкімін халық сайлауы керек деп санайды. Митинг  5-ақпан күні Шоқан Уалихан ескерткішінің алдында өтпек. Әлеуметтік желіде митингтің ұраны «Досаев, кет!» болады деген жазбалар қаптап кетті.

Бұған дейін Алматы әкімдігі қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты «Қасіретті қаңтар» құрбандарын еске алу акциясын ұйымдастыруға рұқсат бермеген болатын.