Дайындық бөлімі-жалпы дамыту жаттығулары

0

 Ақмарал Маханова.
 Атырау облысы Индер ауданы «Райхан» балалар бақшасы 
ІІ кішкентайлар тобындағы дене тәрбиесі сабағы
Кіріспе бөлімі
Сапта бірінің артынан бірі жүру, өкшеден аяқ басына домалатып жүру, қол сермеу мен көмектесу, жай жүріспен алмастырып отыру (3-4 рет). 
Аяқты артқа лақтыра, жай жүгірумен алмастырып жүгіру.
Жүріске ауысу, секіртпені алып, звеньяға ауысу, сопқа тұру.
Дайындық бөлімі-жалпы дамыту жаттығулары.
Секіртпемен жаттығулар
1.    Б.қ..: негізгі тұрыс. Екі бүктелген секіртпені жоғары көтеру, иықтың артына түсіру, қайтадан көтеру және төмен түсіру. 7-8 рет қайталау. 
2.    Б.қ. аяқ алмақ қойылған, секіртпе екі қолда. Тізеде бүгілген оң (сол) аяқты көтеріп, кеудеге тарту. Бастапқы қалыпқа қайта оралу. Әр аяқпен 4-5 рет қайталау. 
3.    Б.қ.: Аяқтары сәл алмақ қойылған, секіртпе бір қолда. Екігі бүктелген секіртпені бір жағында айналдыру, келесі қолмен айналдыру. 
4.    Б.қ.: Аяқтары сәл алмақ қойылған, секіртпелер нықтың артында. Алға еңкею, секіртпені жоғары көтеру, түзелу, секіртпені нықтың артына ұстау. 7-8 рет қайталау. 
5.    Орында тұрып, екі аяқпен секіртпе арқылы секіру. 
6.    Аяқтың ұшына көтеріліп, секірпені жоғары көтеру. Секірпені түсіру, табанға тұру 5-6 рет қайталау. 
7.    Алға жылжи отыра, секіртпеден секіру жеңіл, аяқтың үшімен секіру, аяқты шамалы бүгу. 
Сапта бір-бірден жүру, секіртпені қою, екі тұру 
Негізгі қимыл-қозғалыстар:
1-інші шағын топ. Гимнастикалық қабырқа бойынша өрмелеу жаттығулары. 
2- інші шағын топ. Доппен өздігінен ойнау: жоғары лақтыру мен еденге беру, ұстап алу, допты еденге бір орында және айналып тұрып ұру.
«Доп мектебі»
Қимыл-қозғалыс ойыны «Шортан мен табан балықтар». 
Қорытынды бөлімі
Жайлы ойын «Кім шақырғанын тап». Қорытынды жүру.

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!