Бақытжан Сағынтаев отырған көлікке оқ атылған
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев отырған көлікке оқ атылған, деп хабарлайды kznews.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров ақпаратты растады. Айтуынша, әкімнің өзі бұл туралы Telegram-каналдардың біріне берген сұхбатында сөз еткен. Оқиға 6 қаңтар күні болған.
Айта кетейік, Бақытжан Сағынтаев қала әкімі ретінде қызметін жалғастыруда. 8 қаңтар күні ол қаланың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеше Алматы басшысы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккендердің халін білу мақсатында орталық клиникалық ауруханаға барды.