Адамзат 40 жылға жауын-шашынсыз қалады: Белгілі көріпкелдің болашаққа жасаған болжамдары

0

2022 жылы бізді не күтіп тұр? Жаңа жыл қарсаңында кейбір адамдар француз астрологы, алхимигі және XVI ғасырда өмір сүрген дәрігер Нострадамустың болашақ жайлы айтқан болжамдарына сүйенеді. 1555 жылы жарық көрген «Сәуегейлік» кітабында Нострадамус әлем келешекте астероидтың соққысынан, су тасқынынан, құрғақшылықтан зардап шегеді деп жазған. Осы себепті елдер қаңырап бос қалады, жаппай аштықтан адамдар қырылады деген болжам жасайды. Осы және өзге де көріпкел тұжырымдары жайлы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ге сілтеме беріп хабарлайды.

Нострадамус жаһандық жылыну мен астероидтың құлауын, тіпті жасанды интеллект технологиясының өсуін болжаған.

Француз астрологы мен дәрігері Інжіл мәтіндерінен және өзі шалдыққан оба ауруынан қатты әсер алған. Оның болжамдары аштыққа және мұңға негізделеді.

Нострадамус кітабын шығарғаннан кейін 400 жылдан астам уақыт өткен соң да, оның жұмысы танымал. Оның болашаққа қатысты кейбір болжамдарын қарастырып көрейік.

Оның тұжырымына сәйкес, әлем астероидтың соққысынан, су тасқынынан, құрғақшылықтан зардап шегеді. Осы себепті елдер қаңырап бос қалады, жаппай аштықтан адамдар қырылады. Бұл француз астрологы Нострадамустың 16 ғасырда жасаған болжамдары.

Жаһандық жылыну

1555 жылы Нострадамус климаттың өзгеруі ауқымды болатыны соншалық судағы балықтан тамақ жасауға болатындай температуға дейін көтерілетінін айтқан.

Оның болжамынша, адамзат 40 жыл бойы жауын-шашын көрмейді. Сарыла күткен жаңбыр жауғанда ірі су тасқыны болып, елді адамдардан «тазартып» жібереді.

Соңғы жылдары әлем қазірдің өзінде жылудың, су тасқыны мен құрғақшылықтың жойқын көрінісіне куә болып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы «адамзатқа арналған қызыл код» деп аталатын есепте табиғи апаттар жиі және қарқынды бола түсетінін айтқан еді.

Ал БҰҰ өз кезегінде алдағы 20 жыл ішінде жер 1,5°C-қа дейін қызуы мүмкін екенін ескертті. Бұл топшыланған мерзімнен он жыл ерте мерзім. Ғалымдар 2030-2052 жылдар аралығында температура 1,5°c көтеріледі деп күтілген, бірақ қазір бұл 2021-2040 жылдар аралығында болады деп күтіліп отыр.

БҰҰ мәліметтері бойынша, 1970 жылдан бастап жаһандық температура соңғы 50 жылдағы 2000 жылға қарағанда тез өскен, ал соңғы бес жыл 1850 жылдан бері есептегенде ең ыстық болған.

2021 жылы Батыс Еуропада соңғы онжылдықтарда қатты су тасқыны болды, нәтижесінде Германия, Бельгия, Люксембург, Швейцария және Нидерландыға қатты жаңбыр жауғаннан кейін 180-нен астам адам қайтыс болды. Осы жаздың басында аптап ыстық АҚШ пен Канаданың батыс жағалауында жүздеген адамның өмірін қиды, 300-ден астам адам қайтыс болды және 13 миллионға жуық адам шілде айының соңында Қытайдағы Хенан провинциясын басып алған су тасқынынан зардап шекті.

«Жағдайдың нашарлайтыны айдан анық» – дейді АҚШ Ұлттық атмосфералық зерттеулер орталығының аға климатологы Линда Мирнс. Климаттың өзгеруі әкелетін салдардың арты жаман дейді ол.

«Меніңше, қауіпсіз жер, жасыратын жер жоқ», – деді Линда Мирнс.

Инфляциядан туындаған жаппай аштық

Нострадамус сонымен бірге инфляциядан туындаған жаһандық аштықты болжады, бұл экономиканың құлдырау жағдайында бағаның өсуіне әкеледі. Нострадамустың айтуынша, жаппай ашаршылық қақтығыстың шиеленісуіне әкеледі, өйткені адамдар климаттың өзгеруіне әсер ететін табиғи ресурстар үшін күреседі.

Нострадамус бағаның өсуіне байланысты, табиғи ресурстарға қол жеткізу шектелетінін айтты. Осы үшін кейбір тарап негізгі ресурстар үшін соғыс ашуға дайын болады.

«Бұл өз кезегінде тамақ мөлшерінің азаятынын білдіреді, азық-түлік саласында дағдарыс орнайды. Бұл террористік топтар мен қылмыстық топтардың қарапайым азаматтар алдында әлсіз етеді», – дейді Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ негіздемелік конвенциясының атқарушы хатшысы Патрисия Эспиноза.

Астероид соққысы

Нострадамус сонымен бірге 1555 жылы жерді астероид басып, жаппай өлімге әкеледі деп болжаған. Астролог болжамдарынан бұл соққы қашан болатыны белгісіз, бірақ онда «ұлы от» аспаннан түсетіні көрсетілген.

Нострадамус жерге бірнеше астероид құлайды деген болжам жасаған.

Бүгінгі күні NASA әр 2000 жыл сайын үлкен астероид пайда болатынын ескертіп отырады. Соңғы рет астероид жерден 19 мың км қашықтықта ұшып өтті, бұл планетаға көптеген геостационарлық спутниктерге қарағанда әлдеқайда жақын. Бірақ Жерге ешқандай қауіп төнген жоқ, өйткені 2021gw4 деп аталатын астероид қауіпсіз қашықтықта өтті және атмосфераға жақындамады.

Технология мен жасан интеллект қуаты

Нострадамус жасанды интеллекттің дамитынын шамамен 5 жүз жыл бұрын болжаған. Технология соңғы бірнеше онжылдықта қарыштап дамыды, сондықтан жақын арада не болатынын айту қиын, бірақ Нострадамус жасанды интеллект технологиясының дамуы арқылы адамдар «мәңгі өлмейтін» болады деген болжам айтқан еді.

Әлем Tesla компаниясы бас директоры Илон Маск келесі жылы қауіпті, ішпыстырарлық жұмыстағы адамдарды ауыстыру үшін гуманоидты роботты іске қосатынын жариялаған еді.