«Маған 13 жыл бұрын сөз салған»: Шахизада үшінші күйеуі туралы ашып айтты

0

Жақында үшінші рет тұрмысқа шыққан әнші Шахизада бақыттан басы айналып, аспанда қалықтап жүр. Ол бүгін осы уақытқа дейін құпия ұстап келген үшінші күйеуі туралы айтып берді, деп хабарлайды kznews.kz сайты сaravan.kz порталына сілтеме жасап.

Әншінің ұстанымы: барлық адам бақытты болуға лайықты.

«Тұрмыс құрдым Аллаға шүкір. Олда бір Алланың сыйы ғой. Жалғыздық Аллаға ғана жарасқан дейді ғой. Сүйген жарым қасымнан шыға келді. Бірақ қазіргі таңда жолдасым жұмыс бабымен Түркияда жүр, елге келе алмай жатыр, бұйырса келіп қалар», — деді әнші.

Қазіргі таңда екі жұп екі елде жүрсе де ара қашықтық екі ғашықтың сезіміне кедергі бола алмапты. Оларға жалындаған махаббаттан гөрі, сыйластық маңызды болса керек.

«Мен айттым. Елге барып қызмет етемін. Өнерімді де тоқтатпауым керек. Жаңа әндер жазып жатырмын.

Бұйырса «Мен едім» деген тақырыпта ән шығады. Ол әнге де бейнебаян түсіремін оны да көре жатарсыздар. Жолдасым менің осында болғаныма қарсы емес, керісінше қуанады осылай еңбек етіп жатқаныма, әнден жазып жатқаныма. Тоқтамай бір жерде отырмағаным оған ұнайды.

Біз басында дос болдық одан соң, достық махаббатқа ұласты. Осыдан он үш жыл бұрын сөз айтқан бірақ ол кезде менде тұрмысқа шығам деген ниет болған жоқ. Ол өзі ішінен ойлапты: Алланың берген бір күні әйтеуір сен менің келіншегім боласың деп.Биыл міне сол айтқан сөзі орындалды», — деді Шахизада.