Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем | Скачать Реферат
ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Филология факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем
Тексерген: З.Н. Жуынтаева
Орындаған: Ж.Б.Укиметова
2018 жыл
Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ғалымдардың еңбектеріндегі жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдердің жіктемесі
2. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдерінің байланысу жолдары
а) Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері
3. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдерге келтірілген мысалдар
ІІІ. Қорытынды
Кіріспе
Жұмыстың нысаны: жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдер
Жұмыстың өзектілігі: мәтіндерде кездесетін жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдерді талдауда ажырату жолдары
Жұмыстың мақсаты: ғалымдардың жасаған тұжырымдамаларында жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдердің жіктелуіне тоқталып, ерекшеліктерді байқау. Сөйлемдерде кездесу өзгешеліктерін айқындау.
Лингвистикада қарастыратын мәселе өте көп. Сонау фонетикадан бастап синтаксиске дейін ғалымдардың түрлі еңбектері, зерттеулері, тұжырымдамалары мен теориялары қазіргі кезде университет қабырғасында қарастырылып келеді, ал мектепте болса белгіленген бағдарлама бойынша бекітілген заңдылықтар, теориялар мен жаттығулар оқушыларға бүгінгі күнге дейін оқытылуда.
Осылайша аталған тақырыптардың күрделісі де, ауқымы кең мәселені синтаксистен көре аламыз. Аталмыш сөйлемдердің тұлғалық, құрылымдық классификациясында айтылатын ережелер мен мысалдарда қиындық тудыратындары да бар. Мені қызықтырған, толы сұрақтарға ұшыратқан тақырыптардың бірі — жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдердің ерекшеліктері. Жалпы құрмалас сөйлемдердің зерттелуі, сабақтас құрмалас сөйлемдерден айырмашылығы, әсіресе, жалғаулықты салаластан жалқаулықсыз салаластың ара жігі, көркем мәтіндерде қолданылуы, тыныс белгілердің қойылу өзгешеліктері, жалғаулықсыз салаластың түрлерін ажырату сияқты ойымдағы түрлі сауалдарды ашып, түсінгім келді. Сонымен қатар жалпы күнделікті өмірде жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдер көбіне қолданылады деген ойдамын, ал жалғаулықты салаластар айталық көркем шығармада, әдеби нормадағы ақпараттық құралдарда қолданылады. Менің міндеттеріме — оқушыларға салаластың екі жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлерін ажыратып, олардың белгілерін айқындап, мәтіндерде кездесетін түрлеріне қарай, орфографиялық, орфоэпиялық қателіктерді болдырмау болып табылады. Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы А.Байтұрсыновтың Тіл тағылымында құрмалас сөйлемдердің құрылуынша айырылатын түрлері мағана жақындығынан басқа қисын жақындағы бар сөйлемдер құрмалас деліп аталады деп жазды. [1, 300 б.] Оның ішінде сөйлемдердің құрмаласуы екі түрлі : 1) сыйыса құрмаласу, 2) қиыса құрмаласу. Қиыса құрмаласса, сөйлем қиысулы құрмалас деп атады. Қиысулы құрмалас бір-біріне тең болып та, кем болып та қиысады дейді. Қиысулы құрмаластағы сөйлемдер тең болса, салалас делінеді. Салаластың жіктелуінде 5 түрлі болып бөлінеді екен: 1) жиылыңқы, 2)қайырыңқы, 3) айырыңқы, 4) сұйылыңқы, 5) қойылыңқы. Ахмет Байтұрсынұлы жиылыңқы, қайырыңқы, сұйылыңқы түрлеріне мысал келтіргенде қазіргі кездегі жалғаулықсыз салалас құрмаластың құрылымына сай келеді.
Мысалы: Қылыш жарасы бітер, сөз жарасы бітпес (осындағы мағынасы бір-біріне қарама-қарсы болып тұр, мұны біз жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмаласқа жатқыза аламыз немесе сөз жарасы бітпестің алдына бірақ шылауын қойсақ, жалғаулықты қарсылықты салалас құрмалас сөйлемге келеді). Қалған екі түрлері, айырыңқысы — жалғаулықсыз бола алмайтын (оған алда түсінік бере кетемін) талғаулықты салалас құрмалас сөйлемге жатады. Жалпылама осылайша А.Байтұрсыновтың салалас сөйлемдерінен мен жалғаулықсыз құрмаластың жасалуын байқадым. Сонымен қатар бұл еңбекте салалас құрмаластың тыныс белгілеріне атамыз түсініктеме беріп кетеді. Салалас сөйлемдердің аралары әуелі кіші тыныс — теріс үтірмен айырылады. Екінші ортаны тыныс — үтірлі ноқатпен айырылады деді. [1, 302 б] Бұдан ноқат сөзі нүкте делінеді. Бірақ бұл әрине жете жалғаулықсыз салаластың тыныс белгілер қойылу ерекшеліктерімен толықпайды.
Ғалымдардың еңбектеріндегі жалғаулықсыз салалас құрмалас
сөйлемдердің жіктемесі
Қазақ тілінің ескі грамматикалық құралдарында жалғаулықсыз құрмаластар қаралмаған деседі. Тек 1938 жылдан бастап бұл мәселе кітаптарда талқылана бастады. Тек бұл жылы жалғаулықсыздың жалғыз іргелес түрі айтылып жүрді. 1942 жылы болса жалғаулықсыздардың — ыңғайлас, қарсылықты, себеп-салдар, анықтамалы болып 4-ке бөлініпті. [2, 181 б.]. Яғни, әр жылдар сайын бұл 1946, 1949, 1950, 1953 жылдары жіктелістердің саны өзгеріп отырды. 1948 жылы Н.Сауранбаев пен Ғ.Бегалиев педучилищелерге арналған қазақ тілі грамматикасында жалғаулықсыз салаластарды іргелес дейді де, олардың түр-түрін сөз қылмақ болады. Сәрсен Аманжолов өз Қазақ әдеби тіл синтаксисінің қысқаша курсында жалғаулықсыз салалас түрлерінің біршама болуын қажет етеді, себебі сонда ғана қазақ тілі нормасы сақталып, тілге нұқсан келмейді деген. Бұл айтылан түсініктемеге ол жалғаулықсыздың 11 түрін бөліп көрсеткен. Айталық жалғаулықсыз ыңғайлас, қарсылықты, себеп-салдар, іліктес, шартты, үлестес, баяншы (түсіндірмелі, анықтамалы), әрқилы, бейтараптық, ұқсастық (теңдес). Меніңше, бұл кісінің мысалдарды қарастырғанда әрбіреуінің формасына, мағынасына терең үңілген. Егерде мысалдарға жалғаулықты шылауларды қосып, мағынасын қарайтын болсақ, үлестес, әрқилы, бейтараптық, ұқсастық (теңдес) жалғаулықсыз салаластар көбіне қарсылықтыға сай келеді. Түсінуімше, бұл лингвист формасына, әр жай сөйлемнің мағынасына жете қараған. Менің мақсатым, әрине, бұрыстықты шығару емес, тек ғалымдардың пікірлерін салыстырып, ережеге сәйкес келетіндігін, сонымен бірге зерттеуші ерекшелігін көрсету. Ол кісінің түйіні мектеп грамматикаларындағы жіктеудің жалғаулықсыз қарсылықты, себеп-салдарлы салас дегендеріне ешбір дау, талас жоқ. Бірақ оларды толықтырып, жасалу жолдарының бәрін көрсетуіміз керек. Ал басқа (ыңғайлас, іліктес, мезгілдес, іргелес, анықтамалы, шарттас, амалдас) түрлері туралы да, басқа формалар туралы да ерекше бас-басына тоқталмаса болмайды деп өз еңбегінің маңыздылығын атап өтеді. [2, 186 б.].
Компоненттерінің бір-бірімен мағыналық қатынастары жағынан алғанда,
жалғаулықсыз салалас сөйлем мен жалғаулықты салалас сөйлем арасында айтарлықтай онша алшақтық жоқ. Өйткені жай сөйлемдердің жалғаулық арқылы құрмаласуы мен жалғаулықсыз іргелесе құрмаласуы, айналып келегнде, құрмалас сөйлемнің бір түрін жасаудың екі түрлі тəсілі ғана. Сондықтан да салалас құрмалас сөйлемнің бірсыпыра түрін жалғаулық арқылы құрмаластырып айтуға да, жалғаулықты алып тастап, жалғаулықсыз етіп айтуға да, жалғаулықты алып тастап, жалғаулықсыз етіп айтуға да болады. Бірақ салалас сөйлемнің жалғаулықты түрі мен жалғаулықсыз түрі абсолюттік теңдікте, барлық жағдайда да жалғаулықты салаластың жалғаулығын алып тастап жалғаулықсыз түрін жалғаулықты етіп
айтуға бола береді деген қортынды шықпайды. Салалас құрмалас сөйлемдердің өзара іштей жіктелу түрі олардың жасалу жолдары мен ондағы синтаксистік компоненттердің өзаралық мағыналық қарым-қатынастарына негізделеді. Өйткені салалас құрмаластың синтаксистік компоненттері бір бүтіннің қарамағына түсу үшін, олар бір-бірімен әр түрлі мағыналық қарым-қатынастарда болып отырады. [3, 19 б.]. Қайырболат Есенов салалас құрмалас сөйлемдерінің жасалу жолдарын қарастырғанда, жалғаулықты, жалғаулықсыз деп түрлерін көрсетіп кетеді. Жалпы жалғаулық, жалғаулықсыздардың 8 түрін ұсынады. Яғни 5 түрін жалғаулықты, жалғаулықсыз деп берсе, 7 тек жалғаулықты, 1 тек жалғаулықсызға жатқызады. Әрине бұл дұрыс пікір, себебі кездесетін сөйлемдерге байланысты талғаулықты, кезектес салалас құрмалас сөйлемдер міндетті түрде жалғаулықсыз бола алмайды, бұл олардың құрылымық формасының қатып қалған заңдылығыда деуге келеді. Ал 1 түсіндірмелі салалас түрі міндетті жалғаулықпен ешқашан келмеу керек дегенге қосылуға міндеттіміз. Мезгілдес салалас сөйлем мұның өзін әр тараптан жасалу жолдарына, маына ажырату ерекшеліктеріне сәйкес бір мезгілдес, әр мезгілдес деп екіге бөліп түсіндіреді. Себептес салалас сөйлем көбіне жалғаулықты түрінің 2-нші компонентінде себебі айтылады, ал жалғаулықсыз түрінде екі компонетте де салдар, себебі кездесе береді. Айыратын басты белгі — жалғаулығының болмайтынында. Қарсылықты салаласты бұл зерттеуші болымды, болымсыз етістік формаларының қатысуы есебінде көрсетеді. Сонымен қатар сөйлемдегі қайшылық мән кейде жеке сөздердің салғастырыла жұмсалуы арқылы да беріледі дейді [3, 36 б.]. Мысалы : қалаған ашсың, қаламаған жапсың. Шартты салалас құрмалас сөйлемде әйтпесе жалғаулығы қолданғанда профессор Сауранбаев бұл жалғаулықта шарттылық мән бар және оған Есенов та қосылады екен. Бірақ әлі күнге дейін әйтпесе жалғаулығы қарсылықты мен талғаулықты салалас түріне жатқызылып жүр демекші, яғни бұл мәселе әлі де қаралуда. Ал жалғаулықсыз түрі сол баяғыша етістіктің бұйрық райымен келеді делік және мүшелік қатынаста келген сөздердің жұмсалуы арқылы да бола алады. Мысалы: Қай жерде маңызды оқиға болсыншы, мен сонда командировкаға барамын [3, 39 б.]. Салыстырмалы салалас сөйлемдер көбіне мақалдарда міндетті кездеседі, яғни құрамындағы бастауыш, анықтауыштары салғастырылып, салыстырылып келеді. Яғни, түсінігімше, қарсы антонимдік мәнде жұмсалады, әрине, бұны мағыналық жағынан ажырату қажеттілігі туады. Ең соңғы міндетті жалғаулықты түрі болмайтын жалғаулықсыздық тән салалас құрмалас — түсіндірмелі салалас туралы ой қозғайтын болсақ… Басты назар 1-інші компоненттің баяндауышында болады, бұнда оның көптеген жасалу жолдары берілген және 2-нші компоненттің біріншідегі хабарлап тұрған оқиғаны түсіндіру мақсат ретінде алынады. Сонымен бірге тілімізде көп компонентті салалас сөйлемдер кездеседі. Оның да жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлері ұшырасады. Көбіне мұндай сөйлемдер көркем әдебиеттегі фольклорлық шығармаларда қамтылады. Және жиі ұшырасатыны — түсіндірмелі салаласта, себебі жасалу формасына баяндауыштары ұқсас келеді.
Қазақ грамматикасында да Сауранбаевша жалғаулықсыз құрмалас сөйлемдер іргелес деп аталып жүр. Ерекше пікір іргелес салалас сөйлемдерді байланыстыруға анафористік сөздер қатысады. Анафористік сөздер деп отырғанымыз — екінші компонеттің құрамына функционалдық мүше ретінде орын алып, ілгері сөйлемнің мазмұнын қарастыратын сөз дегені [4, 695 б.]. Оның басты ерекшелігі грамматикалық құрылысында. Оның грамматикалық құрылысында жалғаулықтардың қатысуын қажет етпейтіндігінде. Іргелеске тән қызметтерінде: сөйлемдер эмоциялы етіп айту қажет болғанда жұмсалуы, коммуникативтік қызметке бейімделуі, іргелес салаластардың үнемді, жинақы құрап айту қажеттігі орын алады. Осы айтылған коммуникативтік талаптар көбірек орын алатын стильдер, функционалдық аумақ бар. Сондықтан іргелес салалас сөйлемдер мынандай функционалдық аумақта жиі көрініп жұмсалады: 1. Ауызекі сөйлеу тілінде; 2. Мақал-мәтіл, нақыл сөз; 3. Ертегі, жұмбақ, жаңылтпаштарда айқын көрінеді. Қазақ грамматикасында іргелес салаластың 9 түрі қарастырылған. Ең ерекше түрлері теңдік қатынасты, айқындауыштық қатынасты, объектілік қатынасты білдіретін іргелес салалас ,телінбе компонентті, ауыспалы іргелес салаластарды айтуға болады. Теңдік қатынасты білдіретін салаласта алдамдар арасындағы шшаруашылық, құқықтық қарым-қатынас білдіреді. Сонымен қатар, бұйрықты — кісіні бір іске қосуды — қатал етіп айту амалы болып та жұмсалатын болды: қалай келсең, солай кел, қалай бітірсең, солай бітір [4, 699 б.]. Айқындауыштық қатынасты білдіретін саластың атқаратын қызметтеріне, құрылу формасына қарай, тіпті белгілері — түсіндірмелі салалас құрмаластың рөлінде жүргенін байқаймыз. Онда да интонация қалпы өзгеше, баяндауыштарының шақтық формасы, сонша, сондай деген жалпылауыштары қолданылады. Яғни, Есенов еңбегінен айырмашылығы мағынаның жекешелендіруінде. Объектілік қатынастағы салалас та түсіндірмелінің рөлін атқарады. Бірінші компоненттегі хабарлас тәсілі, екінші компонентте соны түсіндіру қонструкциясы ұқсайды деп айта аламыз. Телінбе компонентті іргелес салаласты жалпы салалас құрмаласқа жатқыза алмадым. Қазақ грамматиткасында беріліп тұрған конструкциясында көбіне күрделенген жай сөйлемге келіп тұр, мағыналық жағынан түсіндірмеліге ұқсаса-дағы бірақ құрылымы мүлде салаласқа жанаспайды. Оны тіпті өз кітапта да Құрмалас сөйлеснің қалыптаса бастаған кездегі іргелестіктен бұл жұйе түгелдей бөтен. Өйткені бігінгі іргелес салалас және олардың құрылу амалдары кейін пайда болған коммуникативтік талаптарға қызмет етеді делінген. [4, 700 б.]. Ауыспалы іргелес салалас жалғаулықты салаластардың конструкциясының мәнінде жұқмсалады. Бұны біз себептес салаласқа жатқыза аламыз. Себебі конструкциясы мен семантикасы соған ұқсас. Сонымен қатар т.сіндірмелі салаластың да орнын басып тұр. Ал бұны сөзге контарстылық өң қосу үшін, ритм беру үшін де жұмсалатынын түсіндіреді. Сонымен қатар қарсылықты мәнді салаластың да белгілері көрініп тұрады. Жалпылай алғанда, қазақ грамматикасына ат салысқан зерттеуші-лингвистер әрбір қолданыстағы сөйлемдеріміздің түпкі мән-мағынасына, құрылымдық формасына баса назар аударған. Себебі бұл академиялық жинақ, тек арнайы білім алуға міндетті студенттер мен оқытушыларға арналған құрал болып табылады. Оқушыларға бұл жіктеменің тек 3-4 түрі мектеп бағдарламасына кіріктірілгенін көреміз.
Құсекен Шәукенұлы негізінен салаластарды классификациялағанда Төлеубай Қордабаевтың соңғы еңбегіне негізделіп жасаған. Бірақ мезгіл салалас пен сын-қимыл салалас авторда … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz