Алматы облысы грек-рим күресінен конфедерация кубогында топ жарды

0

2018 жылғы 9 желтоқсан 17:06 46

Алматы облысы грек-рим күресінен конфедерация кубогында топ жарды


АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында грек-рим күресінен Конфедерация кубогінің иегері анықталды,  деп хабарлайды  ҚазАқпарат Қазақстан ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«Классиктер» бәсекесінде Алматы қаласы мен Алматы облысының балуандары белдескен болатын. Тартысты жекпе-жектер нәтижесінде 4:2 есебімен Алматы облысының командасы жеңімпаз атанды. 

Алматы облысы сапынан Нұртай Нұрғалиев, Демеу Жадыраев, Асхат Ділмұхамедов және Санжар Темірбек жеңіске жетті.

Ал Алматы қаласы командасынан Бағлан Жақанша мен Дамир Күзембаев көзге түсті. 

Конфедерация кубогының қола жүлдегерлері қатарында Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысының балуандар бар. 

Еске сала кетейік, осыған дейін бокс және қазақ күресінен кубок иегерлері белгілі болды. 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz