Қызылордалық сылақшы қыз Аsia’s Got Talent халықаралық байқауына қатысатын болды

0
Бір күнде жұлдызғай айналған қызылордалық сылақшы қыз Гүлмайдан халықаралық Аsia’s Got Talent байқауына қатысатын болды. Байқау ұйымдастырушылары жас әншіге хабарласып, кастингтен өткенін хабарлаған. Сондай-ақ Гүлмайдан Сәкен Майғазиевтің қолдауымен Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында оқуын жалғастыратын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы блогер Дәулет Мұқаев (@dauletten) Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Нағыз талант тасада қалмайды», – деген Дәулет өзінің тарапынан да әнші Данаға қолдау көрсететінін жеткізді. Ол отандық дизайнерлермен келісіп, сахналық киім мәселесін шешуде.

«Ақын Олжас Отар Дана үшін әннің сөзін жазып беретінін айтты. Ең кереметі Данаға «Аsia’s Got Talent» жобасынан хабарласып, кастингтен өткенін хабарлапты. Енді @anwi_dana халықаралық додада бақ сынамақ.
Инста оқырмандары 1000-нан 40000-ға өсті. Мінеки, бұның барлығы 48 сағатта болып жатқан өзгеріс. Happy end деген осы», — деді Дәулет.

Айта кетейік, құрылыста жүріп ән салған Дананың видеосы әлеуметтік желіде кеңінен таралып кеткен еді. Кейіннен продюсер Жан Мұқановтың Данаға ән жазып бергені белгілі болды. Сондай-ақ әнші Stan.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында өмірі мен өнері, 2 күнде қалай жұлдызға айналғаны жөнінде айтып берді.