Қалың малы төленбегені үшін қызын тойдан сүйреп алып кетті (видео)

0
5296

Құдалары қалың мал төлемегені үшін анасы той үстінде қызын сүйреп алып кетті. Оқиға Өзбекстанда болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл жағдайдың видеосы Facebook әлеуметтік желісінде пайда болды. Онда ақ көйлек киген қызының қарсылығына қарамастан оны той үстінде анасы сүйреп алып кетеді.

Дау-дамайдың түп төркіні құдалардың қалың мал төлемегенінен шыққан. Қызын күштеп сүйреп әкеткен әйелдің әрекетін желі қолданушылары қатты сынап жатыр.

«Ақымак қатын, енді қызыңды кім алады?», «Қызын ақшаға сатқаны несі? Ең бастысы, екі жас бақытты болса болды емес пе?», «Той үстінде қызын алып кеткені дұрыс болмапты», «Қызын бақытынан айырған қандай есуас ана»,

— депті олар.