Талғардағы балабақшада 4 жасар қыз моншаққа тұншығып мерт болды
Талғардағы балабақшада төрт жасар қыз пластмассалық шарға тұншығып қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарт агенттігі Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 26 қараша күні Талғар қаласындағы балабақшалардың бірінде болған. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Қыздың өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Сот-медициналық сараптамасы кезінде баланың тамағынан қатты пластмассалық зат (болжам бойынша шар) табылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабының 2-бөлігі “Кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соққан балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау” бабы бойынша жүргізілуде. Тексеру жүргізіліп, іс бақылауға алынды», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінен.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында 3 жасар бала той үстінде жаңғаққа қақалып мерт болды.