Құқық үстемдігі – даму кепілі

0

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова «Мемлекеттің және азаматтық қоғам институттарының құқық қорғау қызметі» атты дөңгелек үстел отырысына қатысты.

«Халықаралық адам құқықтары кү­ніне» және БҰҰ Бас ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей дек­ларациясының қабылданғанына 70 жыл толуына арналған іс-шараға Жо­ғарғы сот төрағасы Ж.Асанов, Адам құқығы жөніндегі комиссия төрағасы Қ.Сұл­та­нов, Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірах­манов, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Н.Шимомура, Еуропа одағының Қазақ­стандағы өкілдігінің басшысы С.Карлссон, ЕҚЫҰ-ның Аста­надағы Бағдарламалар кеңсесінің бас­шысы Д.Сабо, Ұлыбри­танияның Қазақ­стандағы елшісі М.Гиффорд, сондай-ақ мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам өкілдері қатысты.
Мемлекеттік хатшы өз құттықтауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың «Құқық үстемдігі – біздің ре­фор­маларымыздың табысты болуының негізгі факторы» деген сөзіне тоқталды.
– Қазақстанда адам құқығын қорғау­дың ұлттық жүйесі елдің құқықтық да­муының негізгі көрсеткіші болып сана­латын берік экономикалық іргетасқа сүйенеді және ол азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған, – деді Г.Әбдіқалықова.
Алқалы жиын барысында қатысу­шылар Конституция және қолданыстағы заңдар арқылы кепілдік берілген адам құқығы мен бостандығын жүзеге асыру, адам құқығын қорғаудың ұлттық тетік­терін жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Халықаралық құқық нормаларын имплементациялау, яғни өмірге кіріктіру проблемалары, Қазақстанда адам құқы­ғын сотта және соттан тыс қорғау ісін жетілдіру мәселелері де талқыланды.
Жалпы алғанда, халықаралық және отандық сарапшылар Қазақстанның құ­қық қорғау тетіктері мен адам құқығын қор­ғаудың ұлттық жүйесіне оң баға берді.

Айхан ШӘРІП

Дереккөз: Айқын