Дәулеттен Ақтаулық тұрғынға алып берген үйін көрсетті

0

Ақтауда көпқабатты үйдің төбесіне қора салып, тауық пен қоян асыраған тұрғынға белгілі блогер Дәулет Мұқаев баспана сыйлады деп хабарлады kznews.kz сайты

«Ақтаулық Рүстем мырзаға он сотық емес, жиырма сотық жерімен Мұнайлы ауданынан (қала іргесінде) үй алып жатқан жайымыз бар. Сәрсенбі күні қоныс той болады. Бұл жерде тауық пен қоянды бағуға мүмкіндік көп. Көршілер де шағым түсіре алмайды. Үйдің ауласында құрылысы аяқталмаған дүкен бар. Онда тауық жұмыртқасын сата алады», — деп жазды блогер.

Бір бөлмелі пәтерде тұратын көп балалы отбасы үйдің шатырында тауық пен қоян асырап, онысы кең талқыға түскен еді. Нарықтағы қымбатшылықтан кейін жұмыссыз қалған әке «бала-шағасын бағу үшін осындай қадамға бардым» деген болатын.

Алайда көршілердің бірі шағым түсіріп, полиция оған айыппұл салған.

Осы жағдайдан кейін блогерлердің бірі Русланның отбасына арнайы барып, шаруамен шұғылдануға ыңғайлы болсын деп жер үй әперуге уәде берген еді.