Лукашенко: Ресей Путинсіз «тарап кеткен болар еді»

0

Лукашенко Ресей Путиннің арқасында қазіргідей қуатты елге айналғанын жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz сайты radiosputnik порталына сілтеме жасап.

«Егер Путин болмаса, біздің өркениетіміз болмас еді. Ресей бөлшектенген болар еді. Бұл уақытты қажет етті. Президент Путиннің арқасында Ресей құтқарылды. Бұл да менің көз алдымда болды», — деді Лукашенко «Ұлттық қорғаныс» журналына берген сұхбатында.

Ол Ресей мемлекетінің басшысынан «көп нәрсені үйренуге болатынын» атап өтті.

Еске салатын жайт, қос ел басшылары қараша айының басында Жоғары Мемлекеттік Кеңестің отырысында одақтас мемлекеттер Жарлығына қол қойған болатын.