Қытай Тәжікстан аумағына әскери база салмақ
Қытай Тәжікстанның Таулы-Бадахшан автономиялық облысының Вахан шатқалында шамамен 100 миллион сомони (8 804 000 АҚШ доллары) тұратын арнайы база салады, деп мәлімдеді kznews.kz сайты Asiaplustj.info агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы шешім 27 қазанда Тәжікстан Парламентінде қабылданды. База Тәжікстанның Ішкі істер министрлігі мен Қытайдың Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі арасындағы келісімге сәйкес салынады.
Сарапшылар Тәжікстанның мұндай қадам жасауына Ауғанстаннан төнген қауіптің артуы себеп болып отыр дейді.
«Келісімге сәйкес, базаны салу кезінде Қытайдан Тәжікстанға әкелінетін барлық жабдықтар салық пен кедендік баж салығын төлеуден босатылады», – деді Тәжікстан ІІМ басшысының бірінші орынбасары Абдурахмон Аламшозода.
Тәжікстанда Қытай базасы онсыз да бар. Ол тәжік-ауған шекарасына жақын жатқан Вахан дәлізі маңындағы Мургаб ауданында орналасқан. Бірақ Ресми Пекин мен Тәжікстан аумағында Қытай базасы барын ресми түрде жоққа шығарған болатын.
«Жаңа базаны Қытай қаржыландырады. Құрылыс Ауғанстанды тәліптер басып алып, елдің шекарасы бойында қауіпсіздік мәселесі күшейген кезеңге тұспа-тұс келді» – деді Тәжікстан депутаты Толибхон Азимзода.
Еске сала кетейік, Қытай «Талибан» қозғалысымен прагматикалық байланыс орнатқан.
Оралбай Мергенбайұлы