Жүкті әйелдер келісім бермесе де, оларға вакцина салынады деген ақпарат тарады

0

Қазнетте 22 қарашадан бастап жүкті әйелдерді коронавирусқа қарсы вакцинациялай бастайды деген ескерту тарап жатыр. Бұл ретте хабарламада олардың вакцинацияға келісімі немесе одан бас тартуы маңызды болмайтыны айтылған. Бұл — жалған, деп хабарлайды Stopfake.kz.


Бұл ақпаратты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.

– Жүкті әйелдерге вакцина олардың ерікті келісімінен кейін ғана салынады. Бүгінгі күні жүкті әйелдерге КВИ-ге қарсы екпе салынып жатқан жоқ, – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.