Ким Чен Ын АҚШ-қа айбат шекті

0

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Пхеньянның әрекеттеріне байланысты шұғыл отырыс өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz сайты dw.com агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ тағы да Солтүстік Кореяны «қарсылық» зымыран сынақтарын тоқтатып, диалог орнатуға шақырды.

АҚШ-тың Солтүстік Кореядағы арнайы өкілі Сунг Ким КХДР-ның баллистикалық зымыран ұшыруын «арандатушылық» деп атады.

Ал ресми Пхеньянның ескертулерге құлақ асар түрі жоқ. Олар керісінше тестілік ұшырулар санын арттыруда. 19 қазанда Пхеньян сүңгуір қайықтан Жапон теңізіне қарай ұшырылған баллистикалық зымыранның сәтті сыналғанын хабарлады.

Бұл сынақтар Германия мен Жапонияны қоса алғанда, бірқатар елдер тарапынан өткір сынға ұшырады.

Айта кететіні, осыған дейін Солтүстік Корея билеушісі Ким Чен Ын қыркүйек айының соңында Вашингтонның мәлімдемесін «арзан трюк» деп атап, АҚШ-тың келіссөздер туралы ұсыныстарын қабылдамаған болатын.

Оралбай Мергенбайұлы