Путинге жақын адамдардың қанша байлығы бар екені анықталды
Жексенбіде бірқатар халықаралық БАҚ әлемнің көптеген саясаткерлері мен олардың тустарының құпия есепшотттары туралы зерттеу жариялады, деп хабарлайды kznews.kz сайты Азатыққа сілтеме жасап.
Оның ішінде Ресей президенті Владимир Путиннің айналасындағы адамдар да бар.
Жарияланған ақпараттарға қарағанда, Путинге өте қатты ұқсайтын Светлана Кривоногих пен қызы Лизаның 2006 жылдан бері Британияның Виргин аралдарындағы Brockville Development Ltd компаниясының бенефициары. Ол Monte Carlo казиносына таяу жердегі Monte Carlo Star тұрғын үй кешеніндегі 3,6 миллион еуроа тұратын пәтерге иелік етеді.
Зерттеуде Brockville компаниясының бастапқы шартты иесі Панаманың Radnor Investments SA офшоры деп көрсетілген. Бұрын ол Путиннің досы, бизнесмен Геннадий Тимченкоға тиесілі SNG Trading мұнай трейдерінің үлесі жөніндегі келісімде байқалған.
Светлана Кривоногихтан өзге Британияның Виргин аралдарында Путиннің Николай Егоров, Виктор Хмарин секілді достарының активтері тіркелген. Егоровтың Pollux Global Corp фирмасының активі шамамен 50 миллион долллларға бағаланады. Хмарин 2009 жылы тіркелген Luciano Services Corp компаниясының түпкі бенефициары. Оны Швейцарияның BSI банкіндегі шотын ұстап тұру үшін құрған.
Владимир Путиннің немере інісі Роман Путин Сейшель аралдарындағы Infinite Capital Corp офшорына кемі 2013 жылдан бері иелік еткен.
Зерттеушілер Ресейдің Сбербанк басқарма төрағасы Герман Греф Сингапурда Angelus Trust компаниясын құрған деп көрсетеді. Ол компания Грефтің 55 миллион доллардан асатын отбасылық активтерін басқарған. 2017 жылы Сбербанк басшысы өзнің немере інШвейцарияда тұратын немере інісі Оскарды Angelus Trust басқаршысы және бенефициары етіп бекіткен.
Офшордағы құпия келісімдер мен жасырын байлықтарды көрсететін, «Пандора құжаттары» деген атала бастаған, 12 миллионға жуық файлдан тұратын бұл құжаттар Зерттеуші журналистердің халықаралық консорциумына тиген. Ол өз кезегінде бұл құжаттарды OCCRP-мен бөліскен.
Зерттеуде «Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейресми әйелі Әсел Құрманбаева офшордағы құпия келісімнен 30 миллион доллар пайда көрген» деп көрсеткен. Келісімге экс-президент айналасындағы екі олигархтың қатысы бар екені аталған.