Ахметов отыратын ғимараттан не үшін өрт шыққаны белгілі болды

0
3060

Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі ғимаратында өрттің неден шыққандығы белгілі болды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.

Кеше Өскемен қаласындағы М.Горький көшесінде орналасқан әкімдіктің 5-қабатында өрт шыққан. Көп ұзамай өрт сөндірушілер жалпы ауданы 121 шаршы метрді құраған қызыл жалынды толықтай ауыздықтап, ары қарай таралуына жол бермеді.

«Белгілі болғандай, мәжіліс залындағы еден жанған. Өрттің шығуына – электр жабдықтарының апаттық режимі себеп болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жаумен күреске жеке құрамнан 65 адам мен 17 техника жұмылдырылған», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО әкімдігі ғимаратында өрт шыққанын хабарлаған болатынбыз.