LRT бойынша сотталғандар аштық жариялады
Astana LRT ісі бойынша сотталғандар аштық жариялады. Олар апелляциялық сатыдағы істі қарау отырысына қосуды талап етіп жатыр. Барлығы да елордадағы ЕЦ 166/1 жазасын өтеу мекемесінде отыр, – деп хабарлайды КТК арнасы.
Аштықты 8 жылға бас бостандығынан айырылған Ұлықбек Ачилов жексенбі күні бастап кеткен. Ачилов колония басшысы мен Бас прокуратураға және сотқа жолдаған хабарламасында апелляция шағымын қарау барысын онлайн-трансляция арқылы көрсетуді талап еткен.
Сотталушы сотқа тікелей қатысып, өз ойын айту мүмкіндігін сұрапты. Ұлықбек Ачилов кезінде Astana LRT-ның қосалқы мердігері «НурТрейд» серіктестігінің директоры болған.
Сегіз жылға бас бостандығынан айырылған мердігердің өкілі Тимур Қасабаев, жеті жылға түрмеге тоғытылған Astana Инновейшенстің бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Әшім те аштық жариялап жатыр.