Сот Арон Атабекті бостандыққа шығарды

0

1 қазанда Павлодар қалалық №2 соты Арон Атабектің жазасын денсаулығына байланысты жеңілдету жөнінде өтінішті қарап орындаған, деп хабарлайды kznews.kz сайты Азаттыққа сілтеме жасап.

Сот ақпаратына қарағанда, дәрігерлер Арон Атабектің дауасы жоқ сырқатқа (омыртқааралық дискісінің зақымдалуы) ұшырағанын анықтаған.

«Заңда баяндалған мән-жайлар мен процеске қатысушылардың пікірін ескеріп, сотталған тұлғаға бостандығын шектеу жазасы 1 жыл мерзіміне пробациялық бақылау орнату мен міндеттерді жүктеуіне ауыстырылды. Сот шешімімен келіспеген жағдайда сотталған тұлға және процестің басқа қатысушылары апелляциялық сот сатысына шағым түсіруіне құқығы бар» делінген сот хабарламасында.

2006 жылғы «Шаңырақ» оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, 15 жылын түрмеде өткізген, құқық қорғаушылар саяси тұтқын деп таныған диссиденттің шамамен бір апта бұрын ауруханаға түскені белгілі болған.

(Жаңалық толықтырылады).